Талас ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2024 жылдың 01 - 21 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Ішкі талдау нәтижелеріне 21 тамыз 2024жылы жария талқылау болатынын хабарлаймыз.
Ескерту: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Талас ауданы әкімдігіндегі ұйымдастырушылық – басқарушылы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.