Талас ауданы әкімдігінің 2023 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
ЕСЕП
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 9 404 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 343 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 5. Жіберілген бұзушылықтар үшін 4 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұл салынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзуға жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппараты тарапынан бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және жауапты мамандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты тапсырмалар берілді.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуы бойынша аудан әкімімен 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 12 айының қорытындысы мен аудан әкімдігінің 7 (жеті) бөліміне (тұрғын үй инспекциясы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс , дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, ауылшаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау) ішкі бақылау шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде 5 бұзушылықтар анықталды және 5 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында Қаратау қаласы әкімі аппараты ғимаратының 1-ші қабатында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды. Аталған орталықта Қаратау қаласы әкімінің аппараты және аудан әкімдігіне қарасты 4 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің мамандары орналасып, халыққа қызмет көрсетеді.
«Сервистік әкімдік» арқылы аудан тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Аталған бұрыштан электронды кызметтің 40 қа жуық қызмет түрін алуға және ауданның кез-келген тұрғыны электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы өзіне қажетті қызметті алуына мүмкіншілік қарастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық түрде көрсетілу үлесін арттыру мақсатында 13 ауылдық округ әкімі аппараттарында және ауылдық кітапханаларда «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» мен «Цифрландырылған ақпараттық терминалдар» іске қосылған. Бұл жерде азаматтар үшін қажетті электрондық анықтамалар мен қызметтерді алуына мүмкіндік жасалған.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы
Талас ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылдың 12 айында 248 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 19 702 халық қамтылды.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 4 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Сонымен қатар, 2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 4 рет аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарға әдістемелік көмек көрсету семинарлары өткізілді.
Жәрмеңке жұмыстары бойынша
Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Талас ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетілетін бөлімдерінің қатыстырылуымен, аудан тұрғындарына 2 жәрмеңке өткізілді.
Қоғамдық кеңес отырыстары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының келісімімен және аудан әкімімен «Талас ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 айында 4 отырыс өткізіліп, (16.03.2023, 22.06.2023, 27.08.2023, 23.11.2023) онда 7 мемелекеттік мекемеде (сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолауышлар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қаратау қаласы әкімі аппараты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мансап» орталығы, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы қаралды. Нәтижесінде, мекемелердің аталған бағыттағы қызметіне «қанағаттанарлық» деген баға берілді.