Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияровтың төрағалығымен Берікқара және Қасқабұлақ ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өтті. Іс-шараға саяси партия, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, кандидаттардың сенімді өкілдері және сайлаушылар қатысты. Кездесу барысында әр кандидат өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тармақтарымен таныстырды. Сонымен қатар ауылдағы түйткілді мәселелерді қаузап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымен бөлісті. Сайлаушылар әр кандидаттың сайлауалды бағдарламасын мұқият тыңдап, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Жиын соңында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерік Қамбарұлы сайлаушылар, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері, бақылаушылар, учаскелік комиссия мүшелерінің сайлау процесіндегі міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарына тоқталып, барша сайлаушыларды алдағы сайлау науқанына ат салысуға шақырды.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы