Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров, комиссия төрағасының орынбасары Л.Татимбетова және комиссия хатшысы С.Қуанышбаев ағымдағы жылдың 5 мамырына тағайындалған Қасқабұлақ және Берікқара ауылдық округі әкімінің сайлауы қарсаңында №406, №407 және №409 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар-кеңес өткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша комиссия төрағасы Ерік Қамбарұлы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының “Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” 2012 жылғы 21 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес сайлау учаскелерінің сайлау науқанына дайындығы жөнінде айтып өтті.
Кездесу барысында комиссия төрағасының орынбасары Г.Татимбетова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 41-бабы (Дауыс берудi ұйымдастыру) және 50-бабы (Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық), сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 108-бабы (Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу), 110-бабы (Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн беру), 119-бабы (Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау нәтижелерi туралы мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау), 121-бабы (Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу), талаптарымен таныстырды.
Сонымен қатар комиссия хатшысы С.Қуанышбаев “Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы №62/108 қаулысына сәйкес сайлау күні байқаушылар мен сенімді өкілдерге жұмыс жүргізу тәртібі мен мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру мәселесі жөнінде УСК мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Учаскелік комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңына сәйкес жауаптар толық берілді.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы