Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған Талас ауданы Берікқара және Қасқабұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

Талас аудандық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 27 наурыздағы

№9 шешіміне қосымша

 

2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған

Талас ауданы Берікқара және Қасқабұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі - әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

27 наурыз 2024 жыл

 (113-1-б.)

 

2. Сайлау округтерін құру және сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық «Талас тынысы» газеті мен Талас ауданы әкімінің ресми сайтына  жариялау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 06 сәуірден кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2024 жылғы 06 сәуірден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талас ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2024 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей

 

 (23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 28 наурызда басталып 2024 жылдың
9 сәуірде 18.00 де аяқталады.

 (113-3-б. 1, 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б. 11-т. 2)т.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

11. Талас  ауданы әкімдігінің шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша)

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 28 наурызда басталып 2024 жылғы
14 сәуірде 18.00 де аяқталады.

 (113-5 б. 14-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық «Талас тынысы» газеті мен Талас ауданы әкімінің ресми сайтына  жариялау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Талас ауданының әкімдігі және Талас аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 14 сәуірде 18.00 де басталып 2024 жылғы 04 мамыр 00.00 сағатта аяқталады

                                                                               (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және аудандық «Талас тынысы» газеті мен Талас  ауданы әкімінің ресми сайтына  жариялау

 

Талас ауданының әкімдігі және Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

1.     Талас ауданының әкімі

2.     Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

3.     2024 жылдың 14 сәуір

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылдың 20 сәуірден бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей –

2024 жылдың 25 сәуірге дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей-

2024 жылдың  2 мамырынан ерте емес және

4 мамырынан кеш емес

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы 5 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Талас  аудандық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей-

2024 жылдың 08 мамырынан кешіктірмей

 (113-10-б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды аудандық «Талас тынысы» газеті мен Талас ауданы әкімінің ресми сайтына жариялау

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылдың 11 мамырынан кешіктірмей

(44-б. 4-т), 3-т.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

 

Талас аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін –

2024 жылдың 11 мамырынан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2024
Дата обновления
27 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы