2024 жылғы 11 ақпанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 928 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 679 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 43 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Үшарал ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Үшарал ауылдық округі бойынша:
Акпанбетов Самат Батылханович үшін сайлаушылардың 572 дауысы берілді;
Бақыт Ұлан Ғалымжанұлы үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді;
Курманбаев Талгат Муратович үшін сайлаушылардың 54 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0.
Сайлау қорытындыларымен: Үшарал ауылдық округінің әкімі болып Акпанбетов Самат Батылханович сайланды. 1987 жылы туған, Бозарық негізгі мектебінің директоры, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы