Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №2 шешімі негізінде Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы 2024 жылдың 11 ақпанына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын хабарлайды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 928 азамат енгізілді, олардың 677 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсымын» – жоқ.
Кандидаттар үшін берілген дауыстар бөлінісі:
Үшарал ауылдық округінің әкімі болып Акпанбетов Самат Батылханович сайланды. 1987 жылы туған, Бозарық негізгі мектебінің директоры, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабы негізінде 2024 жылдың 11 ақпандағы шешіміне сәйкес сайланған Үшарал ауылдық округі әкімін тіркеді.