Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

     Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде Талас аудандық сайлау комиссиясы мен колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған, қазіргі таңда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асемов Жумабектің жастармен кездесуі өтті.

      Шараның мақсаты жастарға сайлау туралы толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру, жастардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге қатысуын арттыру болып табылады. Кездесу барысында А.Жумабек бұл күннің шығу тарихы жайлы айтып, ҚР сайлау заңнамасындағы жаңашылдықтар, мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтудағы сайлаудың рөлі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

       Сонымен қатар, кездесуде жастардың танымдық қабілетін арттырып, еркін ойлай алатын жеке  тұлға етіп тәрбиелеуге бағыттайтын интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Шара нәтижесінде колледж жастары алғыр, жан-жақты, ұйымшыл екендерін көрсете білді. Жиын соңында барлық белсенді білімгерлерге алғыс хаттар табысталды.

 

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы