Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров Үшарал ауылдық округі әкіміне кандидаттармен алдағы үгіт насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Кандидатар үшін арнайы сайлаушылармен кездесу өткізу үшін аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №305 қаулысымен бекітілген шарттық негізде берілетін үй – жайлар мен сол сияқты, аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №304 қаулысымен «Барлық кандидаттардың үгіттік-баспа материалдарын орналастыру орындары» бойынша Үшарал ауылдық округіндегі арнайы орын туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, үгіт-насихат кезеңінің Заң талаптары түсіндірілді.
Сенімді өкілдер үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының сенімді өкілдердің міндеттері мен жауапкершілігі туралы Заң аясында сұрақ-жауап ретінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.