Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9-тармағына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкіміне ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Үшарал ауылдық округі әкіміне кандидат Акпанбетов Самат Батылханович, 1987 жылы туған, Бозарық негізгі мектебінің директоры, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны, “AMANAT” партиясының ұсынысымен;
Үшарал ауылдық округі әкіміне кандидат Бақыт Ұлан Ғалымжанұлы, 1993 жылы туған, Талас ауданы Қаратау қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің басшысы, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Үшарал ауылдық округі әкіміне кандидат Курманбаев Талгат Муратович, 1981 жылы туған, Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы