Меню

Страницы

Статья

«2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

         Қаратау қаласы                                                                                                         город Каратау

 

 

 

 

 «2024 - 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

 

 

Талас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет  тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 868 337 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер  – 1 940 451 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 27 500 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 800 мың теңге;

трансферттер түсiмі – 4 893 586 мың теңге;

2) шығындар –  6 868 337 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  62 944 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 95 992  мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 33 048 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу – 0  мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  – - 62 944 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                  62 944  мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 95 992 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 33 048 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын бос қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2024 жылы аудандық бюджеттен Қаратау қаласына және ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенция мөлшері 640 528,0 мың теңге, оның ішінде:

Қаратау қаласына – 143 038,0 мың теңге;

Үшарал ауылдық округіне  - 39 499,0  мың теңге;

Ақкөл ауылдық округіне – 34 894,0 мың теңге;

Берікқара ауылдық округіне – 48 253,0  мың теңге;

Бостандық ауылдық округіне – 40 667,0 мың теңге;

Қызыләуіт ауылдық округіне – 34 263,0 мың теңге;

Ойық ауылдық округіне – 56 915,0 мың теңге;

С.Шәкіров ауылдық округіне – 37 086,0 мың теңге;

Аққұм ауылдық округіне – 37 278,0 мың теңге;

Көктал ауылдық округіне – 29 251,0 мың теңге;

Кеңес ауылдық округіне – 37 706,0 мың теңге;

Тамды ауылдық округіне – 40 995,0 мың теңге;

Қаратау ауылдық округіне – 30 654,0 мың теңге;

Қасқабұлақ ауылдық округіне – 30 029,0 мың теңге.

  1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы                         8 шілдедегі Заңының 18 бабына сәйкес 2024-2026 жылдары аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының мамандарына қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақылары мен тарифтік ставкаларының жиырма бес проценті мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы көзделсін.
  2. 2024 жылғы аудандық жергілікті атқарушы органының резерві 40 124,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
15 декабря 2023
Дата обновления
15 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы