Меню

Страницы

Статья

Бос тұрған Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры лауазымына конкурс жариялау туралы

Бос тұрған Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры лауазымына конкурс жариялау туралы

 

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры (1 бірлік)  лауазымына конкурс жариялайды. Конкурс ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі. 

Кәсіпорынның атауы: Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Орналасқан жері:  080800 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Д.Қонаев көшесі 44 үй, телефон: 8(72644) 6-12-90, электрондық пошта: ulbikieakyn@mail.ru

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты:

  • Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтық шығармашылық орталықтарды дамыту, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын жандандыру, халықтық салт-дәстүрлерді насихаттау, көпшілік мәдени іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб жұмыстарын жандандыру және заңға қайшы келмейтін басқа да іс-шаралармен айналысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

       1) Біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

      2) Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы» , «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» , «Мәдениет туралы» Заңдарын, аталған лауазымға сәйкес жүзеге асырылатын  Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы мәлімет аудандық «Талас тынысы» газетіне жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қаратау қаласы, Д.Қонаев көшесі 44 үй, Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, телефон: 8(72644) 6-19-11, электрондық пошта otd_kult@mail.ru

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне арнайы жасақталған комиссия мүшелері 5 жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын квалификациялық талаптарға сай анықтайды және әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімін бекітеді.

Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

         1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

         2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

         3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

         4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.

         6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы  анықтама.

         Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы  жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2023 жылдың 18 желтоқсан.

         Конкурстың өтетін орны:  Талас ауданы, Қаратау қаласы, Д.Қонаев көшесі 44 үйдің 1 қабатында өткізіледі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен  белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.


Дата публикации
04 декабря 2023
Дата обновления
04 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы