09.08.2023 жыл №24
Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талас аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қаратау ауылдық округінің шекарасында Қаратау сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Талас аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялансын.
Төраға Б.Кошербаев
Хатшы А.Таңат