Қаратау қаласы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 301 бұйрығына сәйкес, 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
2022 жылы Қаратау қалалық әкімінің аппараты тарапынан барлығы 76 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде:
"Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталығының Талас аудандық бөлімі» арқылы жеке тұлғалардан - 76 өтініш келіп түскен. Оның ішінде – 33 өтініш қанағаттандырылып, қалған – 43 сұралған жер учаскесінің бос болмауына байланысты және Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №69-5 шешімімен бекітілген Қаратау қаласының Бас жоспарына сәйкес, нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі қарастырылмауына байланысты кері қайтарылған.
Қалған көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша ("Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу", "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату", "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою") жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен ешқандай өтініш түспеген.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылған деректер тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.