Берікқара ауылдық округі әкімдігінің 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ауылдық округ 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2022 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 2 қызмет
- қағаз түрінде - 14 қызмет ;
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылған деректер тіркелмеген.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 235 халықты қамтылған 12 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер.)
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.