Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 1 орталық, 1 аудандық балалар кітапханасы және 18 ауылдық кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жалпы кітап қоры 314666 дана, оның ішінде 184118 дана мемлекеттік тілде. Оқырман саны 20144. Келім саны 139553, балалар келім саны 58576. Кітап берілімі 342220, оның ішінде 272650 қазақ тілінде.
Кітапхананың басты қызметі – аудан тұрғындарын сұраныстарына сай қажетті әдебиеттермен, баспасөз материалдарымен қамтамасыз ету.
Оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында барлық кітапхана қоры жыл сайын жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады. Жылдық жоспарға сәйкес іс – шаралар жоспары бекітіліп, өткізіліп тұрады.
ЦАО – Цифрландырылған ақпараттық орталықтың мақсаты, міндеттері және тұрғындарға қажетті қоғамдық мәні бар мәліметтер базасы.
Мақсаты: ауыл тұрғындарына көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, әртүрлі санаттағы тұрғындардың әлеуметтік маңызды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру, сондай – ақ шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлік субъектілерінің, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ауыл тұрғындарымен кездесулер, бизнес – тренингтер мен семинарлар өткізу алаңы ретінде пайдалануына жағдай туғызу.
Міндеттері: электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, оқырмандар мен келушілердің жылдамдығы жоғары ғаламтор арқылы өңірлік, республикалық және әлемдік ақпарат көздерін пайдалануын қамтамасыз ету.