2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша 2023 жылғы 14 наурызында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар өткізді
2023 жылғы 14 наурызында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша көшпелі семинар өтті.
Аталған семинарға аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары қатысты.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауы маңызды шара екендігін ескертіп, сайлау күніне барынша дайындалып, үлкен жауапкершілікпен өткізу қажеттігін ескертті.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Салқанұлы Жамалов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілетін күні учаскелік комиссия мүшелері тарапынан атқарылатын жұмыстар мен алгоритм туралы хабарлады.
Семинарға қатысқан аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссия мүшелері облыстық сайлау комиссия өкілдеріне тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, толық қанды жауап берілді.
Семинардың екінші бөлігі учаскелік сайлау комиссиясының сайлау күні өткізілетін шаралары бойынша практикум өткізілді. Практикумды №414 учаскелік сайлау комиссия мүшелері көрсетті. Практикум қою барысында учаскелік комиссия тарапынан жіберген кемшіліктер бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері дер кезінде талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудандағы 30 учаскелік сайлау комиссия төрағаларына сайлау тағайындалған күніне дейін осындай практикумдарды өткізу туралы тапсырылды.