Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және  мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 300 000  (үш жүз мың) теңге;

3) көліктік шығыстарға - 200 000  (екі жүз мың) теңге.

  1. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


М. Ерман

 

 

Астана қаласы

2023 жылғы 19 ақпан

№47/726

 

 

Дата публикации
20 февраля 2023
Дата обновления
20 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы