ХАБАРЛАМА
2023 жылдың 12 ақпанындағы Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы №394, 395 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 689 азамат енгізілді, олардың 501 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
П.Б.Арыстанова - 33; А.П.Мақұлбек - 34; Е.С.Тәттібай - 417.
Кеңес ауылдық округінің әкімі болып Тәттібай Еркебұлан Серікұлы сайланды, 1990 жылы туған, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Талас аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 12 ақпанындағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Кеңес ауылдық округі әкімін тіркеді.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы