2022 жылдың 12 айы бойынша 14 328 мемлекеттік қызмет көрсетілген (жеке тұлғаларға – 14 114, заңды тұлғаларға - 214 қызмет). Оның ішінде:
- электронды түрде – 14 153 қызмет (жеке тұлғаларға – 13 939, заңды тұлғаларға - 214 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 98,78 %-ы);
- қағаз түрінде – 1 қызмет (жеке тұлғаларға – 1, заңды тұлғаларға – 0) (жалпы көрсетілген қызметтің 0,01 %-ы);
- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 174 қызмет (жеке тұлғаларға – 174, заңды тұлғаларға - 0 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 1,21 %-ы);
Есепті кезеңде құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты 32 мемлекеттік қызмет алушы дәлелді бас тартуға ие болған.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.
2022 жылы аудан көлемінде 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген 6 факті тіркелген.
Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылы 4 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша ұсыныстар беріліп, мекемелер тарапынан мерзімінде орындалды.
«Талас ауданы әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылы 66 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер)13932 адам қамтылды.