Талас аудандық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының шешімдерімен Талас аудандық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидаттар тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:
№1 сайлау округі бойынша:
- Картабаев Галым Тамабекович, 1963 жылы туған, «AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалының атқарушы хатшысы, қазақ, Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Джарылкапов Манап Мейрамбаевич, 1969 жылы туған, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Қаратау тау кен технологиялық колледжінің директоры, қазақ, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
№4 сайлау округі бойынша:
- Шөмішбай Жексенбек Ештайбекұлы, 1955 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Джумадилов Абдырахым Кушерович, 1962 жылы туған, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Талас газ шаруашылығының директоры, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
№5 сайлау округі бойынша:
- Баизатов Абылай Шынгысович, 1989 жылы туған, «Атамекен» ҚР ҰКП Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған;
- Калыбекова Анар алтынбековна, 1988 жылы туған, Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
№9 сайлау округі бойынша:
- Абдразакова Асем Ибрашовна, 1963 жылы туған, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның директоры, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
№10 сайлау округі бойынша:
- Пірман Кендия Тәшімқызы, 1966 жылы туған, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының директоры, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
№11 сайлау округі бойынша:
- Маселбеков Докторбек Манатбекович, 1961 жылы туған, Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің директоры, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
№12 сайлау округі бойынша:
- Садубаев Кадирбек Рыскулбекович, 1961 жылы туған, Талас аудандық мәслихатының төрағасы, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
№13 сайлау округі бойынша:
- Кошкинбаев Серик Сержанович, 1985 жылы туған, «Атамекен» ҚР ҰКП Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Талас аудандық филиалының директоры, қазақ, Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.