Барлық тапсырма – 28
Орындалғаны – 13
Орындалуда – 14
Орындалмаған – 1
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Хаттама |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1. |
Үшарал ауылдық округінде жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория ғимаратын газға қосу және нысанның құжаттарын (техникалық төлқұжат т.б) рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастыру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 15 қазан
|
Аталған дәрігерлік амбулаторияны газға қосу жұмыстары 2022 жылы жүргізіліп және нысанның құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толық аяқталды. (Тапсырыс беруші: Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы) Тапсырма орындалды |
|
2. |
Үшарал ауылдық округінде жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияны медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
тұрақты |
Талас аудандық орталық аурухана тарапынан медициналық құрал жабдықтар мен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Тапсырма орындалды |
|
3. |
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында Үшарал ауылдық округінің іргесіндегі игерілетін жердің көлемін арттыру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 30 қазан
|
Округтегі үй іргесіндегі игерілетін жердің көлемін арттыру мақсатында Жетіқашар аймағынан 300 гектар жерге тамшылатып суғару үшін инфрақұрылым жүргізу мақсатында ұйымдастыру яғни құжаттар топтамасы дайындалуда және ағын судың тапшылығына байланысты ауыл іргесінен 100 гектар жерге тамшылатып суғару жүйесіне 2022 жылы 2 дана құдықтар қазылды. Тапсырма орындалды |
|
4. |
Ақкөл ауылдық округіндегі жаңадан ашылған спорт кешенін қажетті жиһаздармен және спорттық құралдармен қамтамасыз ету |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 26 қыркүйек |
Ақкөл ауылдық округіндегі жаңадан ашылған спорт кешенің бөлімнің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының теңгеріміне алу жоспарланған. Қазіргі кезде спорт кешенді күтіп ұстау үшін аудандық бюджеттік комиисиядан қаржы бөлу туралы сұраныс жолданып, 20,0 млн. теңге қаржы бөлінген. 1. Күтіп-ұстауға қажетті штаттық бірліктердің жалақысын төлеуге – 14475,0 мың теңге; 2. Көмір сатып алуға – 2925,0 мың. теңге; 3. Коммуналдық төлемдер төлеуге – 1,0 мың теңге. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына 14.10.2022 жылы №2269 теңгерімге беру туралы хат жолданған. Тапсырма орындалуда |
|
5. |
Қаратау қаласындағы Қ.Қошмамбетов көшесінің жолын орта жөндеуге облыстық бюджеттен 2023 жылғы қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2022 жылғы 30 қазан
|
Қаратау қаласы бойынша Қ.Қошманбетов көшесін орта жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, орта жөндеуден өткізу-асфальт төсеу жұмыстарына 15,4 млн теңге бөлініп, «Вега» ЖШС тарапынан жүргізілді. Тапсырма орындалды |
|
6. |
Қаратау қаласындағы «Бәйтерек» саяжайы тұрғындарына ауыз су жүйелерінің құрылысын салуға ЖСҚ әзірлеу |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 30 желтоқсан |
Қаратау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде «Флора» саяжайы орналасқан. Алаңы 58,0 га., учаскелердің саны 1088, иесіз учаскелердің саны 618. Саяжайда 263 үй, шамамен 450-ден астам адам тұрады. Арнайы мақсаты: бағбандық және саяжай үшін. Суғару жүйесі – арық арқылы. Саяжай тұрғындары ауыз суды құдық арқылы тұтынуда. Аталған саяжайға ауыз су тарту үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Тапсырма орындалды |
|
7. |
Қаратау қаласындағы «Бәйтерек» саяжайында балаларға арналған ойын алаңшасын орнатуды ұйымдастыру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 30 қазан |
2022 жылы қаланың оңтүстік шығысында орналасқан жеке сектор (малая греция) және «Бәйтерек» саяжайының тұрғындарына Д.Нүрпейсова көшесі бойынан «Кіші футбол алаңшасы» және «Street Workout» нысандары пайдалануға берілген. Қазіргі таңда қала әкімдігімен «Балалар ойын алаңшасын» салу үшін 12,5 млн тг. ЖСҚ дайындалып, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Тапсырма орындалуда |
|
8. |
Қаратау қаласындағы бос тұрған көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға беру бойынша ұсыныс енгізу |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2022 жылғы 30 қыркүйек
|
Қаратау қаласында 8 көп қабатты тұрғын үйлер бос (4 коммуналдық меншікте, 4 жеке меншік). Бүгінгі күні, жеке меншіктегі Б.Момышұлы көшесі, №10 көп қабатты тұрғын үйге қатысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық меншіктегі көпқабатты үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындалып, облыс әкімдігі тапарынан қаржыландыру күтілуде. - 3 мөлтек ауданы, №5-№6 жатақхана – қайта жаңғырту, ЖСҚ құны әр қайсысы 323,0 млн теңге. Барлығы 646,1 млн теңге. - Б.Момышұлы көшесі, №17 үй – қайта жаңғырту, ЖСҚ құны 522,9 млн теңге. - 3 мөлтек ауданындағы «Қаратау » қонақ үйі – жатақхана ғимаратына қайта жабдықтау, ЖСҚ дайындалуда. Қаратау қаласында бүгінде жалпы 30 715 халық тұрады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 1523 адам тіркелген. Жоғарыда көрсетілген 7 көпқабатты үйлер толыққанды жөнделіп халық игілігіне берген жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны шамамен 500-ге жуық кемиді. Тапсырма орындалды |
|
9. |
Талас ауданындағы балалар мен жасөспірімдер орталығында үйірмелер жұмысының тиімділігіне (топтардың жұмысы, нақты қатысушы балалардың саны, қаржыландырылуы т.б.) зерделеу жүргізу |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 21 қыркүйек
|
Білім басқармасы және аудандық білім бөлімі тарапынан жұмысшы топ құрылып, тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» КММ-нің 10.10.2022 жылғы №234-Ө бұйрығына сәйкес және «Талас ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12-14 қазан аралығында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы мұғалімдер, қоса атқарушылармен, декреттік демалыстағы мұғалімдермен қоса есептегенде 82 педагог, жоғарғы санатты мұғалім-2, І-санатты-2, ІІ-санатты-12, шебер-1, зерттеуші-4, сарапшы-6, модератор-12, санаты жоқтар-43, яғни 48%. 2022-2023 о/ж орталықта 49 үйірме жұмыс жасайды, топ саны-205, оқушы саны-2742 (қалада-1395, ауылда-1347). Орталық 6 бағытта жұмыс жасайды: 1. Қоғамдық гуманитарлық 2. Тарихи-өлкетану 3. Спорттық сауықтыру 4. Жаратылыстану- математикалық 5. Көркем-эстетикалық 6. Ғылыми- техникалық Балалар мен жасөспірімдер орталығында 12 кабинет, Ойық ауылындағы бөлімшеде 4 кабинет бар. Зерделеу барысында бірнеше өрескел қателіктер анықталып, нәтижесінде 3 айдан соң қайта зерделеу шешімі шығарылған. Осы орайда, Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Д.Кубеева жеке өтініші негізінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі» КММ-нің 02.12.2022 жылғы №393 ЖҚ бұйрығына сәйкес жұмыстан босатылды. Тапсырма орындалды |
|
10. |
Жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтың алдын алу мақсатында мәдениет үйлеріндегі, спорт мектептеріндегі және білім беру мекемелеріндегі қосымша үйірмелердің жұмысын жүйелендіру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Бүгінгі күнге дейін «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы және оған қарасты ауылдық мәдениет нысандарында барлығы 73 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде орталықта 22 үйірме бар, оған қатысушылар саны 194. Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 51 үйірме бар, оған қатысушылар саны 527. Балалар үйірмесі (14 жасқа дейінгі) 27, оған қатысушылар саны 206. Барлығы 721 қатысушы бар. 2022 жылдың қыркүйегінде «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығына жалпы 9 штат бөлініп, қосымша 18 үйірме ашылды. Аудан бойынша 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері және спорт клубында спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 2331 құрады. Оның ішінде спорт мектептерінде 2018 спортшы, «Жұлдыз» және Ойық ауылындағы аула және балалар жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубындағы спорт секцияларында 313 бала қамтылған. Өмірәлі Нышан, футболшы Алишер Сулей, қазақ күресінен Азияның кола жүлдегері Рыспай Аян, еңбегі сіңген жаттықтырушы Бекұзақов Бауыржан жастар мен жасөспірімдер арасында мастер-класстар, кездесулер өткізілді. Тапсырма орындалуда |
|
11. |
Тамды ауылдық округіне қарасты «Дулатбай» әуітін (су қоймасы) қайта қалпына келтіру бойынша (жұмыс тобы құрамымен) зерделеп, ұсыныс енгізу |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 26 қыркүйек
|
Ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан жерге орналастыру сызбасы рәсімделіп, мемлекеттік актісі алынып, толық құжаттары «Жамбыл су қоймалары» МКҚК теңгеріміне өткізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ауыл шаруашылық басқармасымен бірлескен зерделеу жұмыстары 2023 жылдың ақпан айының басынан жүргізілетін болады. Тапсырма орындалуда |
|
12. |
Тамды ауылдық округінде күрес залын ашуды ұйымдастыру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
2022 жылғы 30 қазан
|
Қазіргі кезде Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді атындағы орта мектептің икемделген спортзалында дзюдо күресінен 2 жаттықтырушыда 44 бала жаттығуда. Талас аудандық білім бөлімінің 05.09.2022 жылғы №03-1097 хатына сәйкес Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді орта мектебінің шатыры мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023-2024 жылғы оқу жылында мектептің апатты деп танылған спорт залының құрылысын салу жоспарланған. Тапсырма орындалды |
|
13. |
Ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі әр үйге жеке-жеке кіріп тұрақты табысы жоқ отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан бойынша ауылдық округтердегі 73 табысы жоқ отбасылар анықталып, ауылдық округ әкімдеріне тізімі берілген. Оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағытында ауылдық округ әкімдері тарапынан демеушілер тарта отырып, тиісті көмектер көрсетілуде. Тапсырма орындалуда |
|
14. |
Ауыл әкімдері ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін мемлекеттік субсидияны алу тәртібі мен ережелерін елді мекендердегі шаруашылықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, грант, несие, төленетін субсидиялар жөнінде, лизинг жүйесі арқылы техника сатып алу тақырыптарында насихаттау, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, грант, несие, төленетін субсидиялар жөнінде, лизинг жүйесі арқылы техника сатып алу тақырыптарында насихаттау, түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер ұйымдастырылып, интернет желілеріне және газет беттерінде 6 мақала жарияланды. Тұқым, тыңайтқыштар, пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау, балық өсіру шаруашылығы, Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау, мал және егін шаруашылықтарын дамытуды субсидиялау туралы НҚА-ның қысқартылған нұсқалары әзірленіп, ауылдық округ әкімдіктеріне ұсынылды. Тапсырма орындалды |
|
15. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес жатқан аудандардан төмен бағада сатылып жатқан өнімдерді аудан тұрғындарына жеткізуді ұйымдастыру |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша көкөніс өндіретін шаруа қожалықтарымен және аудандағы 33 сауда орындарының иелерімен ет, картоп, пияз және сәбіз тауарларына жалпы көлемі 945 тоннаға форвордтық келісім шарт жасалған. Атап айтқанда Бостандық ауылдық округіндегі ш/қ «Зерхат» Қаратау қаласының 5 дүкен иелерімен 25 тонна сәбізге, 50 тонна картоп, 250 тонна пиязға; (сәбіз – 100 теңге, картоп – 100 теңге, пияз – 80 теңге) барлығы 325 тоннаға келісім шарт жасалғандығы белгілі болды. Сонымен қатар Бостандық ауылдық округіндегі ш/қ «Тәжібай-Алашбайұлы» Қаратау қаласының 8 дүкен иелерімен 40 тонна сәбізге, 80 тонна картоп, 400 тонна пиязға; (сәбіз – 100 теңге, картоп – 100 теңге, пияз – 80 теңге) барлығы 520 тонна өнімге келісім шарт жасаған. Тамды ауылдық округіндегі ш/қ «Уақ» Қаратау қаласының 5 дүкен иелері 25 тонна қой етіне; (қой еті – 2000 теңге) Қызыләуіт ауылдық округіндегі ш/қ «Еламан» Қаратау қаласының 5 дүкен иелері 25 тонна қой етіне; (қой еті – 2000 теңге) Қасқабұлақ ауылдық округіндегі ш/қ «Айза» Қаратау қаласының 5 дүкен иелері 25 тонна қой етіне. (қой еті – 2000 теңге) Қаратау ауылдық округіндегі ш/қ «Дулат» Қаратау қаласының 5 дүкен иелері 25 тонна қой етіне (қой еті – 2000 теңге) барлығы 100 тонна ет өніміне форвордтық келісім шарттар жасалып казіргі таңда дүкендерде өткерілуде. Тапсырма орындалуда |
|
16. |
Мемлекет тарапынан берілетін субсидия алатын ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші шаруа қожалықтарының санын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу |
12.08.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан әкімінің орынбасарының басшылығымен және аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларының қатысуымен аудандағы ауылдық округтерде ірі және шағын инвестициялық жобаларды іске асыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді насихаттау, субсидия алу ережелері талаптарын түсіндіру тақырыбында ауыл тұрғындарымен, АШТӨ төрағаларымен кездесулер ұйымдастырылып, 2022 жыл қорытындысымен АШТӨ алған субсидия көлемі 750 млн. теңгеге жетті. Тапсырма орындалуда |
|
17. |
Үшарал ауылындағы «Талас 2020» АӨК-нің айналым қаражатына алған берешек сомасын қайтару |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2022 жылдың соңына дейін |
Үшарал ауылындағы «Талас 2020» АӨК айналым қаражатына берілген 24 млн теңгенің бүгінгі күнге ауа райының қолайсыздығына байланысты (құрғақшылық) 4 млн теңгесі қайтарылды. Қалған қаражатты қайтару 1 тоқсанға жоспарлануда. Тапсырма орындалмаған |
|
18. |
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының Ойық ауылдық округінде іске асырылу барысын бақылауда ұстап, ауыл тұрғындарының несие алуға қажетті құжаттарын рәсімдеуді аяқтау |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2022 жылдың соңына дейін |
Ойық ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасын іске асыру барысында, 134 ауыл тұрғыны құжаттарын өткізді, 10 адам несие алды. Тапсырма орындалды |
|
19. |
Талас және Сарысу аудандарына су жеткізу барысында екі ауданның да тұрғындарының талаптары назарға алынып, ортақ әрі оңтайлы шешім қабылдау |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
тұрақты |
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданаралық су бөлінісіне сәйкес 2022 жылғы 1қыркүйектен бастап Талас өзені бойымен келген су көлемінің 90% Сарысу ауданы аумағына жіберілді. Желтоқсан айынан Талас ауданындағы Талас өзені бойында орналасқан ауылдық округтер шабындықтарына су босатылды. Тапсырма орындалды |
|
20. |
Кеңес ауылдық округіндегі тұрғындарға ауыз судың тәулігіне 24 сағат берілуін қамтамасыз ету |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың шілде айы |
Кеңес ауылдық округіндегі тұрғындарға ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде. Тапсырма орындалды |
|
21. |
Кеңес ауылдық округіндегі газ кірмеген үйлердің тиісті құжаттарын рәсімдеп, ауыл тұрғындарының көгілдір отынды толық пайдалануына жағдай жасау |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2022 жылдың желтоқсан айы |
Кеңес ауылдық округі бойынша газ кірмеген 25 тұрғын үйлердің құжаттар топтамасы толық дайындалып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Талас аудандық филиалына 2022 желтоқсан айында тапсырылды. Бүгінгі таңда тұрғындар көгілдір отынды толық тұтынуда. Тапсырма орындалды |
|
22. |
Кеңес ауылдық округіне Биотермиялық шұңқыр салу |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың аяғына дейін
|
Кеңес ауылдық округіне Биотермиялық шұңқыр салу мақсатында аудандық бюджеттен ағымдағы жылға 22,0 млн теңге бөлінді. Ақпан айында жұмыстар басталады Тапсырма орындалуда |
|
23. |
Кеңес ауылдық округі бойынша бірінші кезекте пайдалануды қажет ететін жолдарды жөндеуге қаражат бөлуді қарастыру |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың қазан айы |
Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылы Нұралы 32,0 млн теңге, С.Шәкіров көшесіне 99,0 млн теңге, Тұрар Рысқұлов көшесіне 50,0млн теңге ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылға қаражат қарастыру үшін аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім 2022 жылы желтоқсан айында тапсырылды. Тапсырма орындалуда |
|
24. |
Кеңес ауылдық округі бойынша қажетті көшелердің жарығын қалпына келтіруге қаражат бөлу туралы ұсыныс беру |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың қазан айы |
Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылындағы С.Шәкіров, Жамбыл, Нұралы көшелерін жарықтандыруға барлығы 26,0 млн теңгеге ЖСҚ әзірленіп, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім тапсырылды. Атап айтқанда: С.Шәкіров көшесіне ағымдағы жылы 10,0 млн теңге, Жамбыл көшесіне 10,0 млн теңге, Нұралы көшесіне 6,0 млн қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Тапсырма орындалуда |
|
25. |
Бөлтірік шешен ауылының маңындағы жеке тұлға М.Ордабаевтың жылыжайына инфрақұрылым жүргізу бойынша ұсыныс беру |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың наурыз айы |
Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылының маңындағы жеке тұлға М.Ордабаевтың жылыжайы электр және ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда А.Ордабаев өз қаражат есебінен газ құбырын салу жұмыстары жүргізуде. Тапсырма орындалуда |
|
26. |
С.Шәкіров ауылдық округіндегі «Қазақбай» су қоймасының дамбасын нығайту жұмыстарын іске асыру |
9.011.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың шілде айы |
С.Шәкіров ауылдық округіндегі «Қазақбай» су қоймасының дамбасын нығайту бойынша «Жамбыл су қоймалары» КМК мекемесіне ұсыныс хат жолданып, қазіргі таңда мекеме тарапынан ЖСҚ құжаттары дайындалуда. Тапсырма орындалуда |
|
27. |
С.Шәкіров ауылындағы жобалық сметалық құжаттары дайын көшелердің тиімділігіне байланысты қаражат бөлу жолдарын қарастыру |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың қазан айы |
С.Шәкіров ауылындағы орташа жөндеу жұмыстары өтпеген 5 көше бар. Оның жобалық сметалық құжаттары дайын. Сметалық құны 119,1 млн. теңгені құрайды. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім тапсырылды. Тапсырма орындалуда |
|
28. |
С.Шәкіров ауылындағы «Жұмабек» каналына бетондау жұмыстарын жүргізуге ұсыныс беру |
9.11.2022 ж. Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі |
2023 жылдың наурыз айы |
С.Шәкіров ауылындағы «Жұмабек» каналы аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің теңгеріміне алынып, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Тапсырма орындалуда |