Қаратау қаласы №3 « 20 » қаңтар 2023 жыл
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына сәйкес Талас аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Талас аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялансын.
Төраға С.Дадабаев
Хатшы А.Таңат