Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Талас ауданы Кеңес ауылдық округіне әкімдікке ұсынылған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Кеңес ауылдық округіне Арыстанова Перизат Бериковна, 1978 жылы туған, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Кеңес ауылдық округіне Мақұлбек Абылайхан Сапарқұлұлы, 1994 жылы туған, Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Кеңес ауылдық округіне Тәттібай Еркебұлан Серікұлы, 1990 жылы туған, Талас ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі, Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы