Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39-2 шешімі негізінде және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабы 4) тармағына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Талас аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын 2023 жылғы 17-18 қаңтар күндері шақыратындығы жөнінде хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырысы Талас ауданы Қаратау қаласы, Саңырақ батыр к-сі, 25 (Балалар өнер мектебі), мекен-жайында өтеді.