Меню

Страницы

Статья

Цифрландыру - зейнетақы қызметтерін көрсетудегі маңызды бағыт  

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 

Цифрландыру - зейнетақы қызметтерін көрсетудегі маңызды бағыт  

 

2022 жылдың 20 желтоқсанында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Зейнетақы қызметтерін цифрландыру - Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі.  Қызметтердің жалпы көлемінің 93% дерлігі БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасында немесе автоматты форматта қашықтан көрсетіледі.

Іс-шара бұрынғыдай онлайн-форматта өтті және оның қатысушылары үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ Қор сайтындағы, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы және мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі басқа да сервистердегі «Жеке кабинеттің» өзекті және сұранысқа ие мүмкіндіктерімен таныса алды.

Ашық есік күніне қатысушылар өз болашағына үнемі қамқорлық жасау керектігіне, әрі оған көп уақыт кетпейтініне көз жеткізді: зейнетақы шоты алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Жұмыс берушінің жарналарды аударуын ай сайын Жеке кабинеттен үзінді көшірме сұрау арқылы бақылауға болады. Жеке кабинетте төлемге өтініш беріліп, мысалы, ерікті жарналар бойынша және оның орындалу мәртебесі бақыланады. Зейнетақы жоспарын құруды зейнетақы калькуляторының есептеулеріне сүйене отырып бастауға болады. Калькулятор үнемі жетілдіріліп отырады. Қор мамандары ең соңғы жаңалықтар туралы айтып берді. Мысалы, енді тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу үшін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде болашақ зейнетақының болжамын білуге болады.

Сонымен қатар, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың қалауы бойынша жеке кеңес беру жұмыстарын өткізді.

Салымшылар мен алушылар зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңестерді БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайтында, мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде де онлайн тәртібінде ала алады. Іс-шарада мұны қалай жасауға болатыны туралы айтылды.   

Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
10 января 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы