ТАЛАС АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
Қаратау қаласы № 1 «_04_» 01 _2023ж
Талас ауданының Кеңес ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Талас аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Талас ауданында 2023 жылғы 12 ақпанға Кеңес ауылдық округінің әкімінің сайлауы тағайындалсын:
- 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Талас ауданының Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Талас аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялансын.
Төраға С.Дадабаев
Хатшы А.Таңат