ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК АЙЛАРЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Жер есебіне сәйкес, ауданның жер көлемі 1220562 гектарды құрайды, оның ішінде егістік жерлер 23698 гектар (суармалы егістік 13802 гектар). Санаттары бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 480977 гектар, оның ішінде егістік жерлер 20086 гектар (суармалы егістік 10709 гектар), елді мекендердің жерлері 78962 гектар, барлығы өнеркәсiп, көлiк, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер 27409 гектар, орман қорының жерлері 602443 гектар, су қорының жерлері 6504 гектар, босалқы жерлер 24537 гектар (егістік жерлер 2158 гектар).
Жайылымдарды басқару және оларды тиімді пайдалану жоспары бойынша:
Ауылдық округтер бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды тиімді пайдалану жоспары аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 маусымдағы №26-7 шешімімен бекітілді.
Жайылым жоспарында округ бойынша жайылымдардың жалпы схемасы, суат көздері, жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жетімділігі, жайылымдары жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы малдарын шалғайға орналастыру схемасы көрсетілген.
2022 жылдың ақпан айында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне 1 конкурс ұйымдастырылып, жалпы көлемі 8103,9 гектарды құрайтын 49 жер учаскесі, оның ішінде 757,8 гектар суармалы егістік, 16,7 гектар тәлім егістік, 67,9 гектар шабындық, 7261,5 мың гектар жайылым жер учаскелеріне шаруа қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығы берілді.
Елді мекен шегіндегі жер учаскелеріне аукциондар ұйымдастыру бойынша ағымдағы жылы кәсіпкерлік мақсатқа арналған жерлерге 6 аукцион ұйымдастырылып, нәтижесінде көлемі 4,1 гектарды құрайтын 19 жер учаскесіне жеке меншік және жалдау құқығы беріліп, жергілікті бюджетке түскен қаражат 15 млн теңгені құрады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021-2022 жылдарға жайылымдарды пайдалануды реттеу бойынша 5 бағыт жоспар белгіленді:
1 бағыт елді мекендердің жайылымын ұлғайту жоспары:
2021-2022 жылдар аралығында барлығы 30166 гектар бос жер учаскелері елді мекендерге қосу керек болатын.Зерделеу жұмыстарының атқару барысында 2021 жылы 3311 гектар бос жайылым жер Қызыләуіт ауылдық округі аумағында бар екендігі анықталды, 3311,0 гектар бос жайылым жерді Көктал елді мекенінің жайылымына қосылды. Яғни Көктал елді мекенінің жайылымын жер аумағы 3311,0 гектарға ұлғайды.
2022 жылы барлығы 26855 гектар жайылым жер алқабы аудандық жер қорынан ауданның басқа елді мекендеріне (Қаратау - 4562,9018 га, Қасқабұлақ - 60,5376 га, Аққұм - 721,5622 га, Ақкөл - 2684,7812 га, Тамды - 2203,4627 га, Үшарал - 3639,3017 га, Бостандық - 914,5204 га, С.Шәкіров - 1689,1958 га, Берікқара а/о- 1081,7040 га, Қызыләуіт - 3066,6818 га, Кеңес - 2997,2521 га, Ойық - 2871,649 га) қосып беру мәселесі бойынша нормативтік құқықтық акті (НҚА) қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келісімі күтілуде.
2 бағыт 5-7 шақырымдық радиуста орналасқан жайылымдарды қайтару жоспары:
Бұл бағытта 2021-2022 жылдарда барлығы 26238 гектар жайылым жер алқабын мемлекеттік босалқы жер қорына қайтару жоспарланған.
2021 жылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауылдық округтердегі шаруа қожалықтардан барлығы 2380,0 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, ағымдағы жылы ауылдық округтерінің шекарасын кеңейтуге қосылды.
Сонымен қатар 2022 жылы ауылдық округтердегі шаруа қожалықтардан барлығы 4618,4 гектар (Тамды а/о 158,0 га, С.Шәкіров а/о 238,58 га, Берікқара а/о 76,50 га, Ақкөл а/о 3620,2442 га, Ойық а/о 357,0 га, С.Шәкіров а/о 168,12 га) жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жоспарға сәйкес, қалған 19255 га жайылым жерлерді мемлекет мұқтажы үшін қайтару қажет.
Мемлекет мұқтажы үшін қайтарылатын жердің құнын өтеу «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген. Жер учаскесінің құны нарықтық құн мөлшерінде айқындалады. Жер учаскесінің құнын тәуелсіз бағалаушылар анықтайды және бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
5-7 шақырымдағы жерлерді қайтару бойынша шаруа қожалықтарға жерлерін алмастыру бойынша Ойық, Қызыләуіт ауылдық округтерінің мемлекеттік босалқы жер қорынан 1400 гектар ұсынылды. Алайда, ұсынылған жерлер шалғайда орналасқандықтан келісім бермеді.
Мемлекет мұқтажы үшін қайтаруға қажетті қаражат көлемі 134,8 млн теңге.
3 бағыт орман қоры жерлеріне жеке тұлғалардың малын шығару жоспары:
2022 жылы Ақкөл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мәліметіне сәйкес 65 жеке тұлғаның 60997 га жайылым жерге малы шығарылды.
4 бағыт маусымдық мал жаюға меморандум жасау жоспары:
2021 жылы 48 шаруа қожалықтарымен 47,6 мың гектар меморандум және 2022 жылы 14 шаруа қожалықтарымен 7,0 мың га (Тамды а/о бойынша 5 меморандум, Қызыләуіт а/о бойынша 2 меморандум, Ойық а/о 7 меморандум, Ақкөл а/о 5 меморандум, С.Шәкіров а/о 4 меморандум, Аққұм а/о бойынша 7 меморандум) жерге маусымдық мал жаюға меморандум жасалынды.
5 бағыт игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары:
Зерделеу барысында аудан бойынша барлығы 112,0 мың гектар жайылым жерлерге мал басын тіркемеген шаруа қожалықтар анықталды.
Жер инспекторы сайты (Zherbpm.gharysh.kz) арқылы игерусіз жатқан 150 шаруа қожалықтардың 76,5 гектар жайылым жерлер ҚР Жер кодексінің 92 бабына сәйкес Жер ресурстарын басқару департаментіне шара қолдану үшін жолданды.
Сонымен қатар түсіндірме жұмыстары нәтижесінде 2021 жылы аудан бойынша игерілмей жатқан көлемі 4114 гектар, оның ішінде 287 гектар егістік, 153 гектар шабындық, 3674 гектар жайылым жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
2022 жылы игерілмей жатқан 4917 га жайылым жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Инвесторларға жер беру мәселесі бойынша:
Тамды ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №12 шешімі негізінде «Тараз» Индустриялық аймағы» Басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Тамды елді мекенінің жерінен индустриалды аймаққа қызмет көрсету үшін көлемі 49,0 гектар жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 25 (жиырма бес) жылға берілді. Бүгінгі күнге аталған жер учаскесіне «AsiaChem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыт құрылысын салуды, яғни ауданға инвестиция тартуды жоспарлауда.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға жалпы 364 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:
|
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту |
352 |
|
2 |
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру |
6 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру |
5 |
|
4 |
Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату |
1 |
2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудіңбірыңғай платформасы бойынша 135 жолданым түсіп, жолданымдарға Заң аясында тиісті шешімдер берілді.
2022 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша аудандық жер жөніндегі комиссия отырысында 287 мәселе қаралып, оның ішінде 283мәселеге оң қорытынды берілсе, 4 мәселе қанағаттандырудан бас тартылды.
Бөлімнің құжат айналымы бойынша кіріс құжаттары – 953, шығыс құжаттары – 714.