Әлеуметтік қорғау
(01.11.2022ж.)
Әлеуметтік көмек
2022 жылы жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне 448 337,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекке 334 864501,0 мың теңге, о.і. кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 107 459,0 мың тг., тұрғын үй көмегіне 30 000,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмекке 63 573,0 мың теңге, қатты отынға 19 900,0 мың тг.
Нәтижесінде 2022 жылдың ІІІ тоқсанында төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
Атаулы әлеуметтік көмек
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек 800 отбасындағы 3000 адамға төлену жоспарланды.
АӘК-ті тағайындау барысында ескерілетін кедейшілік шегі 2022 жылдың 3-ші тоқсанына 30 243 теңге болып бекітілді.
2022 жылдың 10 айында 512 отбасындағы 2 755 адамға (1785 бала) 166 863,4 мың теңге тағайындалып, толық төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама
Ағымдағы жылдың 10 айында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балаларына (бір жастан алты жасқа дейінгі) берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама 484 отбасындағы 694 балаға тағайындалып, 32 578,0 мың теңгенің заттары азық-түлік топтамасы мен гигиеналық құралдар толық үлестірілді.
Біржолғы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі
Тұрғын үй көмегіне 30 000,0 мың теңге қаралған. 2022 жылдың 10 айында 231 отбасындағы 1129 адамға 6 256,4 мың теңге тағайындалып, қаржылық жоспарға сәйкес оның 5 355,2 мың тг. төленді.
Біржолғы әлеуметтік көмек – ағымдағы жылға 63 573,0 мың теңге қаралған. 2022 жылдың 10 айында 32 682,8 мың теңге тағайындалып, төленді.
Оның ішінде, өтініштері бойынша: 112 адамға 8 582,8 мың теңге,
мереке күндері бойынша 269 адамға 24 100,0 мың теңге.
Қатты отын – ауылдық жердегі 1 300 әлеуметтік сала маманына 19 900,0 мың тг. қаралған, 2022 жылдың 10 айында 17 151 2 мың тг. 1120 адамға төленді.
Мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтуды арттыру бойынша
2022 жылдың ІІІ – тоқсанында бөлімге мүгедектер тарапынан оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша барлығы 1070 өтініш келіп түсіп, оның 1008 көмекпен қамтылды немесе 94,2 пайызға орындалды (2021 жылдың ІІІ – тоқсанында 1273 құралдар мен қызметтерге өтініш түсіп, оның 1223 орындалды, яғни 96 % құрады). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға артқан.
Қолжетімді орта құру туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, аудан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді орта қалыптастыру үшін бейімделетін нысандар тізімі бекітіліп, 2012-2020 жылдар аралығында аудан бойынша жоспарға сәйкес барлығы 83 нысан бейімделді.
2022 жылы 19 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр, оның 15 нысаны бойынша жұмыс аяқталса, 4 жасалуда.
Жұмыспен қамту
Статистикалық мәліметке сәйкес 2022 жылы жұмыссыздық деңгейі Жамбыл облысы бойынша 4,7 %, Талас ауданында 4,6 % бекітілген.
Ұлттық жоба аясында 2022 жылдың 10 айында жұмыспен қамту саласында келесі жұмыстар атқарылды:
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу, қайта даярлау – 2022 жылға жұмыссыздар арасынан 30 адамды қайта даярлау үшін 6 871,0 мың тг. қарастырылды. Қазіргі уақытта «Бағдарламашы» - 15, «Автокөлік жөндеу слесарь» - 15 мамандықтары бойынша жұмыссыздар оқытылуда. Игерілгені 5 445,0 мың тг.
2022 жылы 503 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Мемлекеттік грант 182 адамға 400 АЕК мөлшерінде беру үшін 1 225 200,0 млн. тг. қаралды. Комиссия шешімі негізінде жоспарланған барлық қаражат тағайындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 150 жұмыс орынға 40 000,0 мың теңге қаралған.
160 адам жолданып, оларға 31 258,0 мың тг. есептеліп, төленді.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 55 орынға 44 963,0 мың теңге қаралған.
61 адам жолданып, оларға 33 305,0 мың тг. есептеліп, төленді.
Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға бюджеттен 543 952,0 мың теңге бөлінген.
Қоғамдық жұмыстарға 699 адам жолданып,оларға 249 951 мың теңге есептеліп, игерілді.
Талас ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі