Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына атқарылған жұмыстары туралы АНЫҚТАМАСЫ

Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына атқарылған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМАСЫ

Кәсіпкерлік бойынша:

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 3051  субъектісі тіркелген (2021 жылы 2789), олардың 184 шағын-орта кәсіпорын (2021 жылы 182), 1969 дара кәсіпкер (2021 жылы 1757) және 898 шаруа қожалықтар (2021 жылы 850).

Тіркелген ШОК субектілерінің саны 3051 (2021 жылы 2789) 2021 жылғы сәйкес кезеңге 109,4 пайызды құрап, 9,4 пайызға өсті.

Осы тіркелген субъектілердің 2604 немесе 85,3 пайызы жұмыс істейді (2021 жылы 2240 немесе 80,3). Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2604 (2021 жылы 2240),  138  шағын кәсіпорын (2021 жылы 130), дара кәсіпкер 1608 (2021 жылы 1327)  және 858 шаруа қожалықтар (2021 жылы 783).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субектілерінің саны 2604 (2021 жылы 2240) 2021 жылғы сәйкес кезеңге 116,2 пайызды құрап,  16,2 пайызға өсті.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында адам саны 2022 жылдың 1 сәуіріне 3298 (2021жылы 3459) адам  оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 469 (2021жылы460) адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 76 (105) адам, дара кәсіпкерлікте 1688 (2021жылы 1710) адам және шаруа қожалығында 1065 (2021 жылы 1184) адам жұмыспен қамтылғандар.

 2022 жылдың 01 сәуіріне ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы 1477,0 (2021жылы 1192,0) млн тенге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 588,0 (2021жылы 441,0) млн тенге, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 6 млн теңге, дара кәсіпкерлер 470 (2021жылы 412,0) млн теңге және шаруа қожалықтар 413 (2021жылы 339) млн. теңге.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 2021 жылдың 9 айында стат мәлімет шыққан жоқ.

Өнеркәсіп саласы бойынша:

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 24162,7 млн теңгені құрайды, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы-17525,5 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 6637,2 млн.теңгеге артып немесе 137,9 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 99,6 пайыз.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17525,5 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,7 %-ды құраған.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14464,7 млн теңгені құрайды, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы-10742,8 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 3721,9 млн.теңгеге артып немесе 134,6 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 99,2 пайыз.

Кәсіпорындарды талдайтын болсақ: «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-і  10542 (2021 жылы 10030) тонна цианид натрий және 3147 (2021жылы 3245) тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 12580,9 млн тенгені (2021 жылы 10831,5) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 1749,4 млн тенгеге артық, ал заттай цианид натрий 512 тоннаға артық орындалды.    

Натри  ционидінің экспортын 2022 жылы 5,25 мың тоннаға арттыру жоспарланып отыр.

2022 жылдың 9 айында натри  циониді 3,180 (4,280) мың тонна экспортталды, сомасы 5400,9 (2021жылы 4387,8) млн.теңге Ол жалпы өндірілген өнімнің 30,2% құрап, Тәжікстан Республикасына және Ресейге экспортталды.

«Жамбыл недр» ЖШС  ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жұмыс жасаған жоқ. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 32500 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 117,31  млн тенгені (2021 жылы 0) құрады.

«Қаратау Про» ЖШС 1140 (2021жылы 2435) тонна карбонат кальций, 53405 (2021жылы 65794) тонна мәрмәр ұнтағын, ақшалай 646,1 млн тенгені (2021 жылы 644,1) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 2,1 млн тенгеге артып немесе 100,3-ға орындалды. Ал, заттай мәрмар ұнтағы 24,78 мың тонаға кем,немесе 31,1 пайызға кем орындалды. Себебі жыл басында қаңтар-наурыз айларында толық қанды жұмыс істемегендіктен, материал тапшылығынан заттай мәрмар ұнтағы кем орындалып отыр.

 «Амангелді газ» ЖШС 135,2 (2021 жылы 132,1) млн текше метр табиғи газ және 7,0 (2021 жылы 6,3) мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 8604,0 млн тенгені (2021 жылы 5200,3) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 165,5 пайызға орындалды.

«Шолақтау» ЖШС 51,7 (2021 жылы 44,0) мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 117,5 пайызға орындалды.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2,1 (2021 жылы 1,6) мың тонна газ өндіріп, ақшалай 944,2 млн тенгені (2021 жылы 522,0) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 180,9 пайызға орындалды.

Аудан бойынша кәсіпорындар арасында  еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар  арасында айлық жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ.

Жыл басынан бері кәсіпорындарда және жеке кәсіпкерлер жалақы 7-10 пайыз аралығында көтерілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Talas Investment Company» ЖШС-і, «Амангелді газ» ЖШС, «Құрылыс Жанар» ЖШС, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і және «Қаратау-ПРО» ЖШС-і барлық жұмысшыларға айлық жалақысын 7 %-ға, «Казфосфат» ЖШС-нің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені  10 %-ға,   ЖК «Т.Дуамбеков» 20 %-ға,  ЖК «Ж.Төремұратова» және  ЖК «М.Сергабаев» 15 %-ға көтерілген.

Қалған кәсіпорындарда 2022 жылы ең төмеңгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуіне байланысты, тиісті мөлшерде көтерілген.

Инвестиция бойынша:

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 7996,5 (2021 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 16617,8) млн теңгені, былтырғы жылмен салыстырғанда 8621,3 млн. теңгеге кем орындалды  немесе 48,1 пайызды құрады.  Нақты көлем индексі 46,8 пайыз.

Себебі: Жыл соңына дейін инвестиция жоспары 19,0 млрд тенгені құрайды. Қазіргі таңда 46,8 пайызын құрап отыр. Егерде «Talas Investment Company» ЖШС-і өз құрылысын бастамаса орындамау қаупі бар.

Талдап айтсақ кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: «Новотекс» ЖШС – 440,0 млн тенге, «Шенгелді» ЖШС-425,0 млн.тенге, «Шенгелді-2» ЖШС- 428,597 млн.тенге, ЖКХ-1256,32 млн тенге, Құрылыс, Архитектура- 301,339 млн тенге, «Шолақтау ТКӨК» -375,606 млн.тенге, «Амангелді ГАЗ» ЖШС –1403,383 млн тенге, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы – 872,191 млн.теңге (Газ тарту), Talas Investment Company ЖШС -1200,0 млн тенге, Wind Elektr City ЖШС -296,383 млн тенге, Wind Power City ЖШС- 238,0 млн тенге,  облыс әкімдігінің автомобиль жолдар басқармасы- 0 млн тенге, ЦРБ -84,288 млн тенге, СПК Бостандық агросервиз-14,05 млн тенге, ф-л казфосфат хозу. –454,277 млн тенге, СШ Конаева 207,108 млн тенгені құрайды.

Оның ішінде меншік қаражаты 6531,7 млн тенге (81,7%), бюджет қаражаты 1464,9 млн тенге.

Индустриалдық–инновациялық дамудың мемлекеттік

бағдарламасы бойынша:

Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 млн тенгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.

1) 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 22,6 млрд. теңгені құрады. Зауытты қазіргі таңда 557 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС-гі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.

«Talas Investment Company» ЖШС-і 2022 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 10542 тонна цианид натрий және 3147 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 12580,9 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 91,3 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 51,3 құрады.

2) 2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.

«Жамбыл Недр» ЖШС-і 2022 жылы қаңтар-қыркүйек айларында цемент және клинкер өндірген жоқ. Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары  жиі істен шығудын кесірінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр.

3) 2016 жылы жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.

2022 жылы қаңтар-қыркүйек айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 53405 тонна, карбонат кальций 1140 тонна, мрамор үгіндісі 1061 тонна өндіріп ақшалай 646,1 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының  50,9 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 2,6 пайызын құрады.

4) Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  2000  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.

Бұдан бөлек 2020-2025 жылдарға 34,3 млрд тенгенің 4 зауытының құрылысы жоспарланды. 

1)  «Talas Investment Company» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2025 жылдары.

2) «Каратау ПРО» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 1085,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 25 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2023 жылдары.

3) «Азия хим» ЖШС. Мақсаты жылына 150,0 мың тонна минералды тыңайтқышын өндіру. Жалпы инвестиция 5000,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 250 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2024 жылдары.

4) "Karatau Chemicals (Каратау Кемикалс)"ЖШС. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіру. Жалпы инвестиция 2800,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 30 адам. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары.

Даму жоспары бойынша:

Ауданда 2022-2025 жылдарға 50418,8 млн тенгенің 73 жобасы жоспарланған. Онда 721 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан болжаммен 2,2 млрд тенгеге зауыттардың инфрақұрылымына керек болады. Талдап айтатын болсақ; 2022 жылы 5721,2 млн тенгенің 23 жобасы, 2023 жылы 94,2 млн тенгенің 17 жобасы, 2024 жылы 15203,9 млн тенгенің 17 жобасы, 2025 жылы 29399,5 млн тенгенің 16 жобасы іске асырылады.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлерді қаржылай қолдау аясында 717,0 млн тенгенің 65 жобасы іске асырылды. Талдап айтсақ, мал шаруашылығында 32 жоба, сауда 14 жоба және қызмет саласында 19 жоба несиеге қол жеткізіп отыр.

Инвестициялық жобалар бойынша:

 1) Ауданда 2022-2025 жылдарға 39572,0 млн тенгенің 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 711 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жергілікті жерге салық мөлшері 570,0 млн тенгені құрайды.Талдап айтатын болсақ; Өңдеу өнеркәсібі бойынша 34085,0 млн тенгенің 4 жобасы, оның ішінде химия саласында 33000,0 млн тенге 3 жоба және құрылыс саласында 1085,0 млн тенгенің 1 жобасы. Ал жасыл экономика саласы бойынша 5487,0 млн тенгенің 3 жобасы жоспарланған. Осы жобалардың ішінде аталған 3 жобасы биылғы жылы іске асырылады.

2) 2022-2025 жылдарға шағын инвестициялық жобалардың 4094,0 млн тенгенің 149 жобасы жоспарланған. Жұмыспен 227 адам қамтылатын болады. Осының ішінде агроөнеркәсіп кешені - 3056 млн. теңгенің 60 жоба, балық шаруашылығы 200 млн. теңгенің 4 жоба және шағын кәсіпкерлікте 840 млн. теңгенің  85 жобасы жоспарланған.

Ал 85 жобаны қала және ауылдық округтер бөлінісінде 2025 жылға дейін жоспарды талдайтын болсақ 2022 жылы 478,0 млн тенгенің 45 жобасы, 2023 жылы 138,0 млн тенгенің 18 жобасы, 2024 жылы 57,0 млн тенгенің 11 жобасы және 167,0 млн тенгенің 11 жобасы.

Несие бағыттары: Құс шаруашылығы – 9,0 млн. тг. 3 жоба, Өңдеу саласы – 101,0 млн. тг. 8 жоба, Қызмет көрсету – 42,0 млн. тг. 9 жоба, Сауда саласы – 149,0 млн. тг. 12 жоба, мал шаруашылығы – 536,0 млн. тг. 52 жоба, Бал өндіру – 3,0 млн тг  1 жоба.

Нәтижесінде кәсіпкерлерді қаржылай қолдау аясында Осы жоспарланған 478,0 млн тенгенің 45 жобасының қазіргі таңда  717,0 млн тенгенің 62 жобасы іске асырылды. Талдап айтсақ, мал шаруашылығында 32 жоба, сауда 14 жоба және қызмет саласында 19 жоба несиеге қол жеткізіп отыр.

 «Бизнес жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың

бірыңғай бағдарламасы бойынша:

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының  жылдық жоспарына сәйкес III-тоқсанындағы мәжілісінде қаралатын «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (ары қарай - Бағдарлама) іске асыру мақсатында жасалынған жоспарға сәйкес 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстарға Жамбыл облыстық мәслихаты хатшысының өкімімен құрылған уақытша депутаттық жұмыс тобы Талас ауданында зерделеу жұмыстарын жүргізді

1) Ұлттық жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»  аясында 20 жоба меже қойылған болатын ( Әр ауылдық округ бойынша 1 жобадан ал Қаратау қаласына 7 жоба). Орындалғаны 540,4 млн тенгенің 57 жобасы іске асырылды. Меже артығымен орындалды.

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субцидия тетігі бойынша 2022 жылы 9 айда 400,9 млн. теңгенің 34 жобасына қолдау көрсетілді.
  2. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту тетігі бойынша «Дулат» ШҚ 34,2 млн тенгеге электр желілерін жүргізуге құжаттарын рәсімделіп, РКС оң шешім алды. «Ақбас» ШҚ-ның 62,0 млн тенгеге электр желілерін жүргізуге құжаттары түгелденіп басқармаға жіберілді. Одан бөлек «Азия хим» ЖШС-не электр желілерін, темір жол тұйығы және техникалық су тарту бойынша жобалық сметалық құжаттары жасалуда.
  3. 3. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 139,5 млн тенгенің 23 жобасына кепілдік алды.
  4. 4. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Каратау ПРО» ЖШС-і зауыттың шығаратын өнім көлемінің қуаттылығын арттыру мақсатында екінші деңгейдегі банк арқылы 1085,0 млн тенгеге несиеге оң шешімін алды.

2) «Әулие-ата НС» ЖШС-нен 2022 жылдың 1 шілдесіне «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы мақсатында несие алуға өтінім білдірген ішінен 85,8 млн. теңгеге 7 жоба оң шешім алған. 

Аудан бойынша бағдарламаның орындалуы:

- Аққұм ауылдық округінен 3,4 млн. тг. 1 жоба, ЖК «Қожа» 68 бас МІҚ;

- Қаратау ауылдық округінен 3,6 млн. тг. 1 жоба, «Дәурен» ШҚ 8 бас жылқы;

- Бостандық ауылдық округінен 30,65 млн. теңгеге 2 жоба, «Бірлесу» ШҚ 15,150 млн тенгеге 303 бас МІҚ және «Жандарбек» ШҚ 15,5 млн теңгеге 18 бас жылқы, 148 бас МІҚ;

- Ойық ауылдық округінен 3 жоба, атап айтсақ 23,575 млн. теңгеге 1 жоба, «Ерзат» ШҚ 23,575 тенгеге 22 бас жылқы, трактор және «Муса» ШҚ 18,6 млн тенге, 40 жылқы, ЖК «Бақдаулет» 6,6 млн тенге 100 уақ мал сатып алынған.

3)  ««Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылатын «Агробизнес»бағдарламалар бойынша 248,4 млн. теңгеге 16 жоба оң шешім алған. 

Аудан бойынша бағдарламаның орындалуы:

- Бостандық ауылдық округінен 15,0 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қызыләуіт ауылдық округінен 17,0 млн. теңгеге 2 жоба.

- Қаратау ауылдық округінен 29,0 млн тенге 2 жоба

- Көктал ауылдық округінен 4,9 млн тенге 1 жоба

- Кеңес ауылдық округінен 30,0 млн тенге 1 жоба

- Тамды ауылдық округінен 20,5 млн. теңгеге 1 жоба.

- Ушарал ауылдық округінен 28,5 млн. теңгеге 2 жоба.

- Берікқара ауылдық округінен 40,0 млн. теңгеге 1 жоба.

- Аққұм ауылдық округінен 4,8 млн. теңгеге 1 жоба.

- Шакиров ауылдық округінен 40,0 млн. теңгеге 1 жоба.

-Қаратау қаласы 18,7 млн. теңгеге 2 жоба.

4) 2022 жылдың 1 маусымына «Казагролизинг» АҚ, 105,0 млн. теңге құрайтын 7 жоба оң шешім алған.

 Аудан бойынша бағдарламаның орындалуы:

- Бостандық ауылдық округінен 3,6 млн. теңгеге 1 жоба;

- Қызыләуіт ауылдық округінен 17,4 млн. теңгеге 2 жоба.

Мақұлданған жобалар Ақкөл, Майтөбе және Қасқұбұлақ ауылынан 2 жоба.

 4) «Тараз» әлеуметтік-әріптестік корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылуға ұсынылған жобалар:

- Қаратау  қаласынан макарон цехын соғу. Жоба құны – 22,0 млн. тг., жоба ұсынушы ЖК «Айару». 

- Қаратау қаласында сүт цехын соғу. Жоба құны – 39,0 млн. тг., жоба ұсынушы «Талас 2021» ЖШС.

-  Қаратау қаласында қымыз парашогын цехын соғу. Жоба құны – 25,0 млн. тг., жоба ұсынушы «Құлтай Ата» ШҚ.

5)  2022 жылдың 1 қаңтарына кәсіпкерлерді қолдау мен ынталандыру және олардың ақпараттық қамтылуына ықпал ету мақсатында, жыл басында іс-шаралар жоспары әзірленіп, салалық орынбасармен бекітілген. А.ж. қаңтар-мамыр айларында 13 ауылдық округте мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау, бағдарламалардың тетіктерін, шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдың сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директорының және екінші деңгейдегі банктердің ШОБ субъектілерін қолдау бөлімінің өкілдерінің қатысуымен Қаратау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие алуға ниетті кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. 2022 мамыр айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдары өкілдерінің, салалық басқарманың кәсіпкерлікті қолдау бойынша құрылымдық бөлімшенің басшыларының өкілдерінің қатысуымен қала және ауылдық округ кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді. Аудан кәсіпкерлерін ынталандыру мақсатында, ет, сүт, жылыжай, балық бағытындағы кәсіпті дамытуға тәжірибе алмасуға Түркістан облысы Сайрам ауданына жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.  

Сонымен қатар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан ақпараттық баннерлер алынып, эскиздерін жасатуға тапсырыс берілді, 7 рет аудандық «Талас тынысы» газетіне, аудан әкімдігінің ресми сайтына мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың шарттары жарияланды.

Бұдан бөлек 260,0 млн тенгенің 30 жобасына құжаттарын қаржы институтарына тапсырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша проблемалық мәселелер: 

- Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит алу мүмкіндігінің жоқтығы;

- Екінші деңгейдегі банктердің ауданымыздың ауылдық жерлерінен және кейбір банктердің Қаратау қаласынан кәсіпкерлердің кепіл мүліктерін қабылдамауы;

- Екінші деңгейдегі банктерде жобаларды қарау мерзім 3 айға дейін созылуы;

- Мемлекеттік бағдарламада шектеу белгіленбегеніне қарамастан екінші деңгейдегі банктердің мал шаруашылығы бағытындағы жобаларды қарамауы;

- АКК қорының бас кеңсесінің несиеге үміткерлердің кепіл мүліктерінің бағалау құнын төмендетіп тастауы

Бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет

көрсету саласы бойынша:

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда тауар айналымы 2424,4  млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 119,2%-ға немесе 390,2 млн.теңгеге артық (2021 жылы 2034,2 млн.теңге) орындалды. Нақты көлем индексі 105,0 пайызды құрады.

Сауда саласы бойынша:

         Ауданда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Облыс орталығы Тараз қаласындағы орналасқан ірі дүкен иелерімен (Дәмді Себет, Фиркан, Технодом, Сулпак және Светофор) келіссөздер жүргізіліп, ауданымыздың орталығы Қаратау қаласынан филилалдары ашылды.

             Ауданда 19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылдың IV-тоқсандағы шекті бағамен 7 қазандағы баға қорытындысын талдасақ, 3 тауар түрі бойынша өсім қалыптасты. Атап айтқанда:

- бірінші сұрыпты бидай ұны - 72 теңгеге, 40,7%-ға;

- ақ қант - 237 теңгеге, 91,9%-ға;

- тауық еті - 227 теңгеге, 24,7%-ға;

қалған 16 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.

           Себебі,     Талас ауданында пияз, қырыққабат, және т.б. көкөніс өнімдері басқа өңірлерден әкелінеді (80% Тараз қаласынан). Сондықтан бағалар ең алдымен «Ауыл береке» базарының нарығына байланысты болып тұр.

          Ауданда 8 наубайхана (Анель, Корзина, Диана, Ыстық нан, Ләззат, Рахат, Бостандық және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6100 бөлке нан және 2950 тандыр нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 249 теңге (12450) тенге аралығында болып отыр. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нанның орташа бөлшек сауда бағасы 90-120 теңгеден сауда дүкендерінде сатылуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасына және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнннан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нан өндірісімен айналысатын нан өндіруші ұйымдарға бағаны тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорынан Қаратау қаласында орналасқан 3 наубайханаға 50,0 тонна ұн алынды. қыркүйек айында да 5 наубайханаға 60,0 тоннаға сұраныс беріліп, ұн алынуда.

Апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту және ауылшаруашылық басқармаларына тұрақты түрде жолданады.

Азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге

бағаны тұрақтандыру бойынша

Ауданда негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша Аудандық статистикалық басқарманың мамандарымен бірге мониторинг жүргізіліп, (2021 жылдың 31 желтоқсанындағы бағалармен салыстырылады) нәтижесінде 3 азық-түлік емес тауарларына баға көтерілгені анықталды. Атап айтқанда қара сабын 10 теңге 8,3%-ға,  темекі 20 теңге 3,8%-ға, кір жуғыш ұнтақ 10 теңге 4,5%-ға.

 Ауданда көлік қызметінің жолақысы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. (газель - 800 теңге, такси – 1200-1500 теңге).

Талас ауданы Қаратау қаласында 10 дәріхана тіркелген. Оның жұмыс жасап жатқаны қазіргі таңға 8 дәріхана (ЖК «Асылжан» Аккулиова Раушан, ЖК «Байжанов» Байжанов Ғалымжан, «Азамат» ЖШС Момбекова Зина, ЖК Алиева Зарина «Арзан Фарм» Пак Александр, ЖК «ЛИ ИГ» Пак Александр, «Амир Д» ЖШС Тұрғынбаева Гүлнұр, ЖК «Али Цена» Шарипов Азиз)ал қалған 2 дәріхана жұмысын тоқтатқан. («ЖК Жапаркулов» және «Ромашка» Омаров Даулет)

Төмендегі көрсетілетін ақылы қызметтерге баға тұрақты: - Қонақ үйдің қызметінің бір номері 4500-8000 теңге құраса,  дәмхана-мейрамханада әр адам басына қымет көрсету 2500-5000 мың теңге аралығын құрайды. Сонымен қатар, шаштараз қызметі 600-1500 теңге, монша қызметі 500-1000 теңгені құрайды. Апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тұрақты түрде жолданады.

Ауданда жанар-жағар майдың 12 бекеті бар, оның ішінде 8 бекет жұмыс жасауда. Қаратау қаласында 2 бекет, Талапты ауылында 1 бекет және Бостандық ауылында 1 бекет жұмыс істемейді. Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ92 маркалы бензині - 317 тонна, АИ80 маркалы бензині - 192 тонна, дизель отыны - 190 тоннаны құрайды. Айына орташа есеппен қажетті жанар-жағар май көлемі: АИ92 – 240,0 тонна, АИ80 - 159,0 тонна, дизель отыны - 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен - 510 тонна.

Бүгінгі күнге АИ92 178 тг, ДТ – 230 тг бағасында сатылуда.

Апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің энергетика басқармасына тұрақты түрде жолданады.

Жалпы ауданда сұйытылған мұнай газының 5 станциясы  орналасқан. Қаратау қаласында 4 газ станциясы және Ақкөл ауылдық округінде 1 газ станциясы. Аудан бойынша 1 күндік Сұйытылған мұнай газ отының кажеттілігі 8 тонна, оның ішінде Қаратау қаласы бойынша 6 тонна, қалған 2 тоннасы Ақкөл ауылдық округінде. АГЗС арқылы өткізу бағасы 1 литр 60 теңге.

Индустриалды аймақ бойынша:

Индустриялық аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 км. ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймаққа аудандық жер қорынан  49 га жер берілді. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Тараз индустриялды аймақ кәсіпорынының басқаруына берілген. Индустриялық аймақтың Концепциясы жасалынған.

Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде  автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company»ЖШС шоғырланған.

Жалпы индустриялық аймақтан жалпы құны 33,2 млн тенгенің 3 жобасы жоспарлаған. Талдап айтсақ;

1) «Азия хим» ЖШС-не 20 га жер берілген. Жоба құны 5,0 млрд тенгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фофор тыңайтқышын шығарады. Жұмыс орны 100 адамды құрайды. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары.

2) «Talas Investment Company» ЖШС-не 6 га жер берілген. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2022-2025 жылдары.

3"Karatau Chemicals (Каратау Кемикалс)" ЖШС. Индустриялық аймақтан 20 га жер беріледі. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіру. Жалпы инвестиция 2800,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 30 адам. Іске асырылатын мерзімі 2023-2025 жылдары.

Туризм саласы бойынша:

Облыс әкімдігінің туризм басқармасының Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Талас ауданында туризм әлеуетін көтеру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленді.

2022 жылға аудандағы туризмді дамытуға бағытталған іс-шара жоспарына сәйкес 2022 жылы 4 экскурция жоспарланып, 3 экскурция  іске асырылды.

Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, Талас ауданының ардагерлерін (Қарахан кесенесі, Дәуітбек Шамансұр кесенесі, Ерте Ислам дәуірінің мешіті және Керуен-сарай (IX-XII ғғ., VIII-XII ғғ.), Көне Тараз орталығы, "Тектұрмас" этно-тарихи кешені, Айша бибі кесенесі, Бабаджа хатун кесенесі) аралатып қайттық.

2022 жылдың 24 наурызында аудан әкімі Қ.Мәдібекпен бекітілген «Талас ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп талаптарын одан әрі жетілдіру туралы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Жамбыл облысының тарихи-мәдени жерлерін аралау бойынша экскурсия өткізілді.

4 қазан күні көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін, жаңадан ашылған мәдени объектілерін аралату, ескерткіштерді таныстыру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс шараға 18 бала қамтылды.

Сондай-ақ, балалардын сапардағы қауіпсіздігін қаматамсыз ету мақсатында  аталған іс шараға Талас ауданыдық ішкі істер бөлімі, Талас ауданы әкімдігінң ішкі саясат бөлімі және білім бөлімі мамандары қатысты.

Ауданда жайлы және экстремалды бағытта нысандармен өтетін бағыт бар. Жайлы бағыт бойынша: Талас ауданы тарихи-өлкетану мұражайы, Ортағасырлық Тамды қалашығы, Абдолла Ишан мешіті, Сапақ  датқа мешіті, Саңырық батыр кесенесі, Қарақожа кесенесі, Ноғай ишан кесенесі, Көшек батыр кесенесі, Бөлтірік шешен мемориалы. Экстремалды бағыт бойынша: Бөріқазған тұрағы, Тәңірқазған тұрағы, Ортағасырлық Төрткүлтөбе қалажұрты, Ортағасырлық Шаруашылық қалажұрты, Жетітөбе қорымы, Ортағасырлық Тектұрмас қалажұрты, Ақкесене қарауыл мұнарасы.

2022 жылға Аудан әкімі мен Туризм басқармасы арасындағы индикаторлардың көрсеткіштері келесідей:

  1. Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілердің санын (резиденттер) – 850 адамға жеткізу, яғни бұл бағытта жергілікті қонақ үй өкілдерімен және статистикалық басқармамен жұмыстар жасау;

2022 жылдың қаңтар–маусым айларында статистикалық ақпараты бойынша келушілер адам саны (резиденттер)- 1216 (2021жылы 969).

  1. 2022 жылдың қаңтар–маусым айларында ауданда қонақ үйлермен көрсетілген қызмет көлемі 15378,7 мың тенгені (2021жылы 11083,3) құрады.
  2. Туристік нысанды іске қосу – 1 (кафе, ресторан, туристік базалар және т.б.), Қаратау қаласынан Қонаев көшесінде «Балқазан» кафесі ашылды.

Ауданда туризм объектілерін цифрландыру мақсатында 2020 жылы 8 нысанаға кюаркод орнатылды. Олар мыналар; Тамды әулие бұлағы, Қарақожа мешіті, Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Саңырақ батыр, Абдулла ишан мешіті, Ақкесене мұнарасы және Тамды қалашығы. Жұмыстар жалғасын табады.

2022 жылы ауданның туристік имиджін қалыптастыру мақсатында туристік іс-шара ұйымдастыру, яғни «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастама аясында ауданымыздың және облысымыздың өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін дамыту керек, оның ішінде:

а)  2022 қыркүйек айында Талас ауданында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге эскурсиялар ұйымдастырылатын болады.

б)  Қолөнершілердің тізімін өңдеп, жұмыстар жасалды.

в) Санаториялық-курорт мекемелерімен жұмыс – 1, «Көктал» емдеу сауықтыру кешені көрсететін қызметтерді таныстыру бойынша «Ашық есік» күндерін ұйымдастыру;

д) Туристік маршруттар мен соқпақтардың саны – 3, аудандағы орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге аппаратын жолдардың маршрутын жинақтап, басқармаға ұсыну.

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

«Тамды Әулие» бұлағын Жамбыл облысының негізгі туристтік нысандар тізімі мен облыс аумағында барлық туристтік бағыттарға еңгізу. Бұл бойынша облыс әкімдігінің туризм басқармасына ұсыныстар енгізілді;

Аудан аумағында орналасқан Жартас, Пионер және Ақкөл көліне келушілердің демалуын ыңғайлы және қауіпсіз ету үшін туристтік сервистерді дамыту. Ақкөл көлі бойынша «Қойшыбай Ата» шаруа қожалығымен жұмыс жасалады.

«Тамды» қалашығында қазба жұмыстарын қайта жаңғырту;

 Ауданда орналасқан қонақ үйлердің ішкі жақтарын жаңалау бойынша қонақ үйлердің иелерімен жұмыс жасау;

Аңшылық және балық аулау шаруашылықтарын дамыту мақсатында демалыс аймақтарын ашу.

Ішкі туризм бойынша келушілер саны 1600-ден-1800-ге дейін ұлғайту.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында келушілер саны 1216 (2021 жылы қаңтар-маусым айларында 969) адамды құрады.өткен жылмен салыстырғанды келушілер саны 247 адамға артқан немесе 24,4 пайызға артық орындалған.

Орналастыру орындарының саны 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 7 бірлік болса, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 7 бірлікті құраған.  2022 жылдың 8 айына статистикалық мәлімет шыққан жоқ.

 

 

Талас ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік, өнеркәсіп және

туризм бөлімінің басшысы                                      А.Тауасаров

Дата публикации
07 ноября 2022
Дата обновления
07 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы