2025 жылғы 18 мамырда өткен Жамбыл облысы Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 18 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Аққұм ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 674 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 486 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ештайбеков Рахымжан Жексенбекович үшін сайлаушылардың 27 дауысы берілді,
Жамбайбеков Акылбек Манапович үшін сайлаушылардың 378 дауысы берілді.
Орынбеков Бауыржан Муратович үшін сайлаушылардың 79 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0.
Сайлау қорытындыларымен: Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Жамбайбеков Акылбек Манапович сайланды. 1982 жылы туған, Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Талас ауданы Аққұм ауылының тұрғыны.
Бостандық ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 931 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 647 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бостандық ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Рысдаулетов Муратхан Абдихадирович үшін сайлаушылардың 453 дауысы берілді.
Сәрсенбек Ұлан Оразғалиұлы үшін сайлаушылардың 84 дауысы берілді.
Сыбанбаев Дастан Темірбайұлы үшін сайлаушылардың 85 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 14.
Сайлау қорытындыларымен: Бостандық ауылдық округінің әкімі болып Рысдаулетов Муратхан Абдихадирович сайланды. 1963 жылы туған, Бостандық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылының тұрғыны.
Қызыләуіт ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 932 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 572 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 33 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Мунашев Рашид Бахытжанұлы үшін сайлаушылардың 27 дауысы берілді.
Сейділда Қуаныш Бақтиярұлы үшін сайлаушылардың 112 дауысы берілді.
Шәріпхан Қаршыға Әнуарханұлы үшін сайлаушылардың 396 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 21.
Сайлау қорытындыларымен: Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі болып Шәріпхан Қаршыға Әнуарханұлы сайланды. 1993 жылы туған, Талас ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы