2025 жылғы 13 сәуірде өткен Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл, Көктал ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 сәуірде Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл, Көктал ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Ақкөл ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1152 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 753 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Әзімханұлы Мирасхан үшін сайлаушылардың 40 дауысы берілді,
Баймырза Ермұрат Аманжолұлы үшін сайлаушылардың 117 дауысы берілді.
Ратов Жандос Амангалиевич үшін сайлаушылардың 582 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.
Сайлау қорытындыларымен: Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Ратов Жандос Амангаливич сайланды. 1984 жылы туған, Ақкөл ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны.
Көктал ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 361 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 252 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 6 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бақыт Ұлан Ғалымжанұлы үшін сайлаушылардың 13 дауысы берілді,
Бейсебаев Кайрат Ерланович үшін сайлаушылардың 199 дауысы берілді.
Шәріпхан Қаршыға Әнуарханұлы үшін сайлаушылардың 36 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Сайлау қорытындыларымен: Көктал ауылдық округінің әкімі болып Бейсебаев Кайрат Ерланович сайланды. 1985 жылы туған, Көктал ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы