Талас ауданында Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт  ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

Талас ауданында Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт

 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талас ауданының Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округі және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Talas tynysy» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                  Е.Мамадияров

 

 

Хатшы                                                                  С.Қуанышбаев

 

 

 

 

 

 

 

Қаратау қаласы,

09 сәуір 2025 жыл

№5

Талас ауданында Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт  ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
09 апреля 2025