Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағына сәйкес
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 18 мамырға Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Талас ауданы Аққұм, Бостандық және Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Talas tynysy» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Мамадияров
Хатшы С.Қуанышбаев
Қаратау қаласы,
09 сәуір 2025 жыл
№6