2025 жылдың 20 наурызында Ақкөл және Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша тіркелген кандидаттармен кездесу өткізілді

 

Ақкөл және Көктал ауылдық округтері әкіміне кандидаттар және олардың сенімді өкілдеріне үгіт насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Татимбетова кездесу барысында кандидаттар үшін арнайы сайлаушылармен кездесу өткізу үшін аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №305 қаулысымен бекітілген шарттық негізде берілетін үй – жайлар мен сол сияқты, аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №304 қаулысымен «Барлық кандидаттардың үгіттік-баспа материалдарын орналастыру орындары» бойынша тиісті ауылдық округтердегі арнайы орын туралы ақпарат берді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жүргізілуі тиіс екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді.

Жиын соңында сенімді өкілдер үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының   1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының сенімді өкілдердің міндеттері мен жауапкершілігі туралы Заң аясында сұрақ-жауап ретінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылдың 20 наурызында Ақкөл және Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша тіркелген кандидаттармен кездесу өткізілді
Дата публикации
27 марта 2025