Талас аудандық аумақтық сайлау комисссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

         

 

 

            Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері                ағымдағы жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Ақкөл, Көктал ауылдық округ әкімдерінің сайлауына байланысты №388, №389 және №404 учаскелік сайлау комиссияларының алғашқы комиссия отырыстарына қатысты.             Комиссия отырысының күн тәртібінде учаскелік комиссия мүшелерін күнтізбелік жоспармен таныстыру, комиссия мүшелерін функционалдық міндеттерін бөлісу, кезекшілік кестесін жасау сынды мәселелер қаралды. Сонымен қатар сайлау комиссиясының бөлмелері және сайлау өтетін орындар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қазандағы №21/183 қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес толық жабдықталуы мен ақпараттық тақталарда қажет материалдардың ілінуін басты назарда ұстау керектігі түсіндірілді. Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Талас аудандық аумақтық сайлау комисссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
27 марта 2025