|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға; 2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға; 3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға; 4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға; 5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға; 6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға; 7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге; 8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге; 9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына; 10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға:; 11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне; 12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне; 13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға.
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: 1 наурыздан 30 маусымға дейін; 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz; 2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
|