|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2 2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Күнтізбелік 30 (отыз) күн.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметіт көрсету түрі
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш 2) мыналарды ауыстырған кезде: құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге және бағалырақ түрге – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; суарылмайтын егістіктерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа құндылығы аз түрлеріне – ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісуші облыстық уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; 3) ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екіншісіне ауыстыруға белгіленген жерлердің экспликациясы; 4) басқасына ауыстыру белгіленген ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңдары, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа түрге ауыстыруға белгіленген ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы; 5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы; 6) суару желісінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер; 7) жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы: 4) осы елді мекенде жайылым тапшылығы болған жағдайда, жайылымдарды егістікке ауыстыруға тыйым салынады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|