"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 
 
Дата публикации
31 мая 2024