Әкімдіктің ашық отырысының хаттамасы (№2 от 30.01.2024)

Талас аудандық аппараттық кеңестің хаттамасы

 

 

Қаратау қаласы                                 № 2                               30 қаңтар 2024 жыл

 

 

Төрағалық етуші: аудан әкімі Н.Жүнісбеков 

Кеңеске қатысушылар: тізім бойынша

 

 

  1. Әзірлену сатысындағы және дайын мемлекеттік сараптамасы бар жобалық сметалық құжаттамалар мен  2024 жылы іске асырылатын жобалар туралы

 

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Д.И.Жаманбаевтың ақпараты назарға алынсын.

  1. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Шалдаров (бақылауға), аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне (жинақтауға), аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қаратау қаласы мен  ауылдық округтің әкімдері (орындауға):

1.1. 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың толықтай ауыз су және көгілдір отынмен қамтылуы қамтамасыз етілсін.

Орындалу мерзімі: жыл соңына дейін.

1.2. Қауіпті аймақ болып табылатын ғимараттар (қараусыз қалған үйлер мен аяқталмаған құрылыс нысандары) бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қалпына келтіру және белгіленген  мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етілсін.

Орындалу мерзімі: 27.09.2024 жылға дейін.

  1. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы аясында мекеме басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі және кері байланыс бойынша 2023 жылға талдау   туралы

 

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.С.Рысбаевтың ақпараты назарға алынсын.

  1. Аудан әкімінің орынбасары А.Абдибекова (бақылауға), аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтауға), аудан әкімдігінің бөлімдеріне және Қаратау қаласы мен ауылдық округтің әкімдері (орындауға):
    • 2023 жылы аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерге (фейсбуг, истаграм, т.б.) жарияланған сыни пікірлерге толық талдау жасалып, нәтижесі бойынша аудан әкіміне ақпарат берілсін.

Орындалу мерзімі: 15.02.2024 жылға дейін.

  • Әлеуметтік желілерде халықтан түскен сауалдарға 1 (бір) сағат ішінде жауаптардың жылдам әрі сапалы берілуі қамтамасыз етілсін. Бұл мәселе бойынша бірнеше рет хаттамалық тапсырма берілгендігі атап өтілсін.

Орындалу мерзімі:тұрақты.

1.3. Аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік органдар жеке парақшаларда жарияланатын материалдардың сапалы және мерзімінде ұсынылуын қамтамасыз етсін; 

  1. Аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Малкайдаровқа:

3.1. Жамбыл облысының және аудан әкімінің төрағалығымен  өткізілген аппараттық кеңестерде берілген хаттамалық тапсырмалардың және аудан әкімі қаулыларының  мерзімді әрі сапалы орындалуына талдау жасалып, нәтижесі жазбаша ұсынылсын.

Орындалу мерзімі: 03.02.2024ж

  1. Аудан әкімдігінің қаржы бөліміне (жинақтауға), аудан әкімдігінің бөлімдері және Қаратау қаласы мен ауылдық округтің әкімдері (орындауға):

4.1. Ағымдағы жылдың әр тоқсанына жоспарланған бюджет қаражатының игерілуі 100 % орындалсын.

 

Аудан әкімі                                                                              Н.Жүнісбеков 

 

  

 

 

 

 

 

Хаттамалаған: Г.Калыкулова

Протокол открытого заседания акимата (№2 от 30.01.2024)
Дата публикации
30 мая 2024