«Талас ауаданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекеме
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Талас ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес асырады.
4.«Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары , белгіленген үлгідегі бланкілері, саондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- .«Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080804, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылы, Қонаевкөшесі №17.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілері мен «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметі жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
Функциялары, құқықтары мен міндеттері.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы –Талас ауданы бойынша ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытудың мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақыллау мен қадағалауды жүзеге асыру;
- Міндеттері:
Талас ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру.
16.Функциялары:
1) ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2)ауылдық аумақтарда тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтасыз ету;
3) ауыл шаруашылықты қолдау және дамыту үшін әдістемелік және кеңестік көмектер көрсету;
4) ауыл шарушылығын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын іске асыруды қамтамассыз ету;
5) ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту жөнінде қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
6) аудан әкімі мен әкімдікті, бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
7) ауданның тұтыну рыногының конъюнктурасын жақсарту және оны дамытуды болжамдау;
8) бәсекеге қабілетті ауыл шарушылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау;
9) фитосанитарлық бақылау объектілерінде қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету
10) Республиканың, басқа мемлекеттердің банктық, қаржыландыру ұйымдарыменбасымдылықтары бар жобалар қаржыландыру, несиелендіру мәселелері жөнінде қарым-қатынас орнату, шетелдік әріптестер мен ғылыми-техникалық, өндірістік-экономикалықбайланыстарын орнату;
- Құқықтары мен міндеттері:
- Мемлекеттік органдарға қоғамдық және одан да басқа мекемелерге бұқаралық ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
- Өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
- Өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
- Мекеме басшысына жұктелген міндеттердің орындалуы және мекеме басшысы өз фукцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
- Қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілеріде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылылықтары қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
- Қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды үйымдастыру;
- Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздарды қарау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінді шаралар қолдану;
- Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді;
- Ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады:
- Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша кеңестер, жиындар, мәжілістер және конкурстар ұйымдастыруды, өткізуді қамтамасыз етеді;
- Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады;
- Бөлімге қатысты салаларға инвестиция тартуға ықпал етеді, сондай-ақ инвестициялық және иновациялық тізімге ұсыныстар қалыптастырады;
- Аудан агроқұрылымдарының өнімдеріне тұтынушыларды іздеу мсақсатында сауда – ауыл шаруашылығы үлгілерінің (тауарларының) көрмелерін, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
- Шағын агроқұрылымдар үшін мамандар мен жеке оқытуды, даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- Аудан көлемінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамытуды жөнінде бағдарламаларды әзірлейді;
- Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін қолданыстағы заңнамаға, осы салаға мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да номативтік - құқықтық актілерге мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
- Агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне мемлекеттік аграрлық, азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- Ауылдық аумақтарды дамытудың жән осы саладағы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу;
- Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оның аудандық жергілікті атқарушы органына беру;
- Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Мал шаруашылығында селекциялық асылдандыру, мал үрықтандыру жұмыстарының ұрықтандыруына жағдай жасап, асыл ьұқымды малдарды тиімді пайдалануға ықпал жасайды;
- Аудан ауыл шаруашылығы құрылымдарының егістік жұмыстарын ұйымдастырады;
- Шаруашылықтардың егістік жұмыстарында ауыспалы егістік сақтау технологиясының дұрыс жүргізілуіне ықпал жасайды;
- Жем-шөп қорының нығайтылуын, малдың тұқымдық сапасының жетілуін, төрт түлік малдың өсуін ұйымдастырады;
- Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына Қазақстан Республиксының заңнамасында көзделген қолдауларды алуын ұйымдастыралы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын басым дақылдар бойынша көктемгі егіс және жинау жұмыстары басталғанға дейін аталған жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар – материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;
- Ауылдық елді мекендерде жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу жұмыстарын үйлестіреді;
- Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді;
- Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан үлгі алуды жүргізу;
- Астықтың сапасы бойынша даулы мәселелерді шешу жөніндегі комиссияларға қатысу;
- Агроөнеркәсіптік саласында мемлекеттік техникалық бақылауды жүзеге асырады;
35) тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу номерлерінің белгілерін, аталған көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайданалынатын тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретіншассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге алады;
36)тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилар мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
37)тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилар мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды: қарда жүретіндер, квадроциклдер және басқада техникаларды жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді;
38)тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилар мен механизмдерді,өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүргізеді;
39) Қазақстан Республикасының 13 маусым 2013 жылғы №102-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының 8 шілде 2005 жылғы №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңын басшылыққа алады;
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асыралы.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады немесе қызметтен босатылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
- Тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
- Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітіледі;
- Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
- Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдерін қабылдаудың тәртібін белгілейді;
- Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
- Мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды.
- Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.
«Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бірінші басшының орынбасары қарастырылмаған.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығына оқшауланған мүлік болуы мүмкін.
«Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүліктері коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.