«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
2.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомствалар жоқ.
3.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Мекеменің Құрылтайшысы-Талас ауданы әкімдігі болып табылады.
12.Мемлекеттің органның толық атауы - «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
13.Осы Ереже «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
15.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттері орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістріне жіберіледі.
16.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:- Талас ауданы аумағында жер қорын пайдалану және қорғау мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.
17.Міндеттері:
1)Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын, Талас ауданының өкілетті және атқарушы органдарының жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік актілерін орындау жұмыстарын ұйымдастыру;
2)Талас ауданы шеңберінде жер қатынастарын реттеу және жер реформаларын жүзеге асыру саласында арнайы атқарушы, қадағалау-үйлестіру міндеттерін атқару.
18.Функциялары:
1)анықталған иесіз жер учаскелерін және жұмыс бойынша оларды есепке қою;
2)жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3)жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімдерінің жобаларын, ұсыныстар дайындау;
4)жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлау бойынша аудандық атқарушы органының жер учаскелерін беру бойынша ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
5)мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау
6) жер учаскелерінің бөліну және бөлінбеуін анықтау,
7)өз құзырет шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9)ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерді ұтымды пайдалану бойынша сызбалардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) елді мекендердің аймағында жер-шаруашылық жобаларын ұйымдастыру, әзірлеу және орналастыру;
11)жер учаскелеріне сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12)ауданның деректері негізінде ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15)жер учаскелеріне сатып алу-сату шарттары және уақытша өтеусіз жер пайдалану мен жалдау шарттарының талаптарын орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16)жер учаскелерін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органның пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17)ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18)Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жер учаскелерін пайдаланылмайтын және пайдаланыланып отырған жерді анықтау;
19)жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20)суармалы егістік жерді суарылмайтын алқаптқа ауыстыру жөнінде шешім әзірлеу;
21) елді мекен шегінде құрылыс объект үшін жер учаскесін беру;.
19.Құқықтары мен міндеттері:
1)мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
2)өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
3)өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
4)мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
5)қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;
6)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты.
7)қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастыру;
8)жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздарды қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
9)мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекемеқұрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
20.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылықты «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
21.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдайды;
2) мүлікті мемлекеттік мекемеге беітеді;
3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
4)мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.
1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өз-ара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
3) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
4) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттілігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;
7) мекеменің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.
«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
27.«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.