«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіралы ЕРЕЖЕ

«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1..«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Мекеме») тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

  1. Мекеменің ведомстволары жоқ.

3..Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдерінің, шешімдері және осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

  1. Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  2. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6..Мекеме мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7..Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8..Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  1. Мекеменің Құрылтайшысы - Талас ауданы әкімдігі болып табылады.
  2. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган - Талас ауданы әкімдігі (жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

11..Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласы, Достық аланы №1 үй.

12..Мемкеменің толық атауы: «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Осы ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

15..Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мекеменің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

  1. 16. Мекеменің миссиясы - жергілікті мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың ауданның тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында қызметтік үйлестіру, тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының қатынасын мемлекеттік реттеуге қатысу.
  2. 17. Мекеменің міндеттері:

         1).Басқару органдарында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулыларын және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа актілерінің, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілерінің, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, тәуелсіз меншік түрлерінің және ведомоствалық бағынаштағы, Бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша орындалуының бақылауын жүзеге асыруды;

         2).Аудан аумақтарында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңартудың және нығайту мәселелері мен ұйымдардың және кәсіпорындардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтеріне талдауын жүзеге асыру;

         3).Ауылдық округтері әкімдерінің басқа мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және бақылау жасау;

4).Автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік бағдарламасын және жол ұйымдарына көмектесу бойынша, сол саладағы қызметшілердің жұмыстарының аудандық деңгейде орындалуы.

  1. 18. Мекеменің функциялары:

         1) Мекеменің аппаратын ұстау, материалдық, техникалық жарақтандыру;

         2) Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлану курстарынан өткізу;

         3) Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын үйымдастыру;

         4) Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету;

         5) Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

         6) Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;

         7).Жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеуін қамтамасыз ету;

         8).Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыруын қамтамасыз ету;

         9) Елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;

         10) Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

         11) Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету;

         12) Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру;

13) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

14) Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру;

15) Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына                  100 Гкал/сағ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғарғы кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және электр беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру.

         16).Қазақстан Республикасының Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілгінің тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерінің, Талас ауданы әкімінің және әкімдігінің актілерінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орындалуын бақылау қамтамасыз ету;

         17).аудан әкімі аппартымен, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен, аудан әкімдігінің барлық бөлімдерімен және аудандық ведомостволары мәселелері бойынша, мекеменің құзіретіне енетін ұйымдық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету;

         18).әкімдік отырыстарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының мәселелері бойынша материалдарды дайындауға қатысу;

         19).тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты анықтау, бағдарламаларын іске асыру және өңдеуге қатынасу;

         20).тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметіне байланысты жаңа технологиялардың өңдеуі бойынша байланыстарды жүзеге асыру;

         21) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарымен қызметтері саласында орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартуға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-практикалық іс-шаралардың өткізілуіне және дайындауына қатысу;

         22).аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметтерінде прогрессивтік түрлерінің жұмыстарын жарықтандыру;

         23).Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. 19. Мекеменің құқықтары мен міндеттері:

         1).мемелекеттік органдардың қызметкерлерін және басқа ұйымдарды тарту бөлімінің құзіретіне енетін мәселелерді дайындауды ауылдық округ әкімдерінен, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындардың және ұйымдардың ақпаратты қажетті өз функция орындалуына арналған анықталған ретінде сұрау;

         2).аудан әкіміне, ауылдық округ әкімдерінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

         3).мекеменің құзіретіне енетін мәселелер бойынша, ақпараттық аналитикалық және басқа материалдарды дайындауын жүзеге асыру;

         4) атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;

         5).ауылдық округ әкімдерінің, бюджеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша олардың қызметіне басшылықты және бақылауды жүргізу;

         6) аудандық бағдарламаларды арттыру бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын қаржыландыруына бақылауды жүзеге асыру.

         7).мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

         8).Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру.

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

 

20..Мекеменің басшылықты мекемеге жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

21..Мекеменің бірінші басшысын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  1. Құрылтайшы (Талас ауданының әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1).коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдайды;

2) мүлікті мемлекеттік мекемеге беітеді;

3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4).мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.

  1. Мекеменің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
  2. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттілігі:

- мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

- барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

-.өз мамандарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;

- мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

- банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

- барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

-.мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

- жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;

- мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

-.Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың)  бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың орынбасарларын, әдіскерлерін  тағайындау және босатуға келісім береді;

-.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;

-.мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

-.Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

-.Заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.

26..Мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі.

 

27..Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мекеменің мүлкі оған меншік иесі бергентмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қарастырылады.

28..Мекеменің бекітілген мүлкі республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеменің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

30..Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
14 декабря 2023