«Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»      коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Үлгі  Ереже

«Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»      коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Үлгі  Ереже

 

1.     Жалпы ережелер

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
  3. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
               4. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
              5. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 
  6. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080800, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы № 1.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Талас ауданы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу.

Міндеттері:

Қалаларды, ауылдар мен селоларды дамыту мен жаңғырту процессіндегі сәулетті идеялық-көркемдік деңгейін жоғарылату, сәулеттік қала құрылысы ансамбілдерінің, салынып жатқан тұрғын үйлер, ғимараттар, құрылыстар мен мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерінің  көркемдік шешімін табуын қамтамасыз ету.

Халық тұрып жатқан елді мекендердің дамуын, өндірістік күштер мен демографиялық процестерді дамыту мен орналастырудағы  өзгерістерді ескере отырып халық қоныстандыру жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс тәжрибесіне ғылыми –техникалық жетістік, отандық және әлемдік озық тәжірибені ендіру арқылы қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, құрылыстардың және  кешендердің техникалық-экономикалық деңгейін және сындарлы тұрақтылығын жоғарылату;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің мәселері бойынша сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыру;

Ғылыми-техникалық, әдістемелік ақпарат тарату, сәулет және қала құрылысы саласындағы республикалық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау;

  1. Функциялары:

1) Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), аудандық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) Аумақта жоспарланып  отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылыстарының өзгерістері туралы халыққа  хабарлап отыру;

3) Аудандық маңызы бар аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы аудан әкімдігі шешімдерінің жобаларын әзірлеу және іске асыру;

4) Пайдалануға берілетін  объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен  қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

5) Аудандық маңызы бар  тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауды және олардың  күтіп ұстауына (қолданылуына, пайдалануына) бақылауды ұйымдастыру;

6)  Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеу және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну.

7) Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аудандық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы  жобаларын бекіту және іске асыру;

8) Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу;

9) Базалақ деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы  кадастрын жүргізу;

10) Тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу және беру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Өз құзіреті шегінде аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқа да нормативтік актілер жобаларын әзірлеп, аудан әкімдігінің қарауына енгізуге;

2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселері бойынша  орталық атқарушы органдар әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша  ұсыныстар енгізу;

3) Объектілер мен комплекстерді дұрыс орналастыруда, жергілікті атқару органдарына ұсыныс енгізуге;

4) Белгіленген тәртіппен  келісім-шарттық негіздер  сараптамалары ретінде өндірістің басқа да салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар  мамандарын тартуға;

5) Ауданда бірыңғай тапсырысшы болуға және жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өз құзіреттері шегінде заңды және жеке тұлғаларымен келісім-шарттар жасауға;

6) Белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыз-шағымдарын қарауға;

7) Белгіленген тәртіппен меншік  түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік мекемелерден, заңды тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;

8) Өз құзіреті шегінде  сәулет, қала құрылысы және құрылыс сұрақтары бойынша соттарда, мемлекеттік биліктің өзге де органдарда аудан әкімдігінің мүдделерін білдіруге;

9)  Елді мекендерде сұралып отырған жер учаскелерін аумақтық аймаққа бөлуге сәйкес мәлімдеген нысаналы мақсаты бойынша  пайдалану мүмкіндігін анықтауға қатысуға;

10) Тұрғын үйлердің бөлмелерін қайта құру (қайта жобалау, қайта жабдықтау) жобаларына келісуді жүзеге асыру;

11) Комплекстердің және объектілердің жобаларына мемлекеттік сараптама жұмыстарын ұйымдастыруға;

12) Белгіленген тәртіппен құрылыс, қайта құру, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілерге еш кедергісіз  кіруге, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс талаптары мен нормаларына жауап бермейтін жобаларға келісім беруден бас тартуға;

13) Инжинирингтік орталықтар құру, ведомствалық бағынышты  шаруашылық есептегі ұйымдарды және олардың құрылымын бекітуге құқылы;

14) Қалаларды, ауылдар мен селоларды дамыту мен жаңғырту процессіндегі сәулетті идеялық-көркемдік деңгейін жоғарылату, сәулеттік қала құрылысы ансамбілдерінің, салынып жатқан тұрғын үйлер, ғимараттар, құрылыстар мен мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп  және ауыл шаруашылығы объектілерінің көркемдік шешімін табуын қамтамасыз ету;

15) Халық тұрып жатқан елді  мекендердің дамуын, өндірістік күштер мен демографиялық процесстерді дамыту мен орналастырудағы өзгерістерді ескере отырып халық қоныстандыру  жүйесін жетілдіруді  қамтамасыз ету;

16) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс  тәжрибесіне ғылыми- техникалық жетістік, отандық және әлемдік озық тәжірибені  ендіру арқылы қала құрылысы  шешімдерінің  әлеуметтік-экономикалық тиімділігін  қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің,  қоғамдық  ғимараттардың, құрылыстардың  және кешендердің техникалық-экономикалық деңгейін және сындарлы тұрақтылығын жоғарлату;

17) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің  мәселелері  бойынша сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыру;

18) Ғылыми –техникалық, әдістемелік ақпарат тарату, сәулет, және қала құрылысы саласындағы республикалық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау;

19) Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаушы мемлекеттік органдарға олардың тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін қорғау, жаңғырту және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға  жәрдемдесу.

- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен  айналасуға құқығы жоқ.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
              18. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  2.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  3.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
              1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өз-ара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

          2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;

3) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;

4) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің  шешімдер  қабылдауының тәртібін белгілейді;

          5) мемлекеттік мекеменің  құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

          6) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге  асыруды қадағалайды;

          7) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың  өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады;

          8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

          9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.         «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
          21. Бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

  1.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады. 

 

4.     Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2.  Егер заңнамада өзгеше көзделсе, «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1.  «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»      коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Үлгі  Ереже
Дата публикации
14 декабря 2023