«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Тұрғын үй инспекциясы») Талас ауданы аумағының қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау және мемлекеттік қадағалау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға өкілетті, аудандық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті орындаушы органы болып саналады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы  № 495 Қаулысы негізінде құрылды.
  3. Тұрғын үй инспекциясы Құрылтайшысы және уәкілетті органы болып Талас ауданы әкімдігі танылады. Осы мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы функцияларын жүзеге асыратын орган ретінде Талас ауданы әкімдігінің аппараты болып саналады.
  4. Тұрғын үй инспекциясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалары, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жамбыл облысы әкімі мен әкімдігінің, Талас ауданы әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүргізеді.
  5. Тұрғын үй инспекциясының атауы:

мемлекеттік тілде: «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

орыс тілде: коммунальное государственное учреждение «Отдел жилищной инспекции акимата Таласского района»

  1. Тұрғын үй инспекциясының заңды мекен-жайы:

         Қазақстан Республикасы, индексі: 080800, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шейн көшесі, №47 үй.

  1. Тұрғын үй инспекциясы заңды тұлға ретінде танылады, аталуы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен шатамптары, белгіленген үлгідегі бланкілері, банктегі есептік шотты және дербес балансы бар.
  2. Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен жұмысшыларын штаттық саны Талас ауданы әкімдігімен бекітіледі.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тұрғын үй инспекциясы азаматтық – құқықтық қатынастардың жағы ретінде мемлекет атынан қатысуға құқылы.
  4. Тұрғын үй инспекциясы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңмен бекітілген тәртіппен бұйрықтар түрінде заңды актілер қабылдай алады.
  5. Тұрғын үй инспекциясының филиалдары мен өкілеттіктері болмайды.

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының қызметінің нысанасы мен

 мақсаты және функциялары мен құқықтары

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Талас ауданынның елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде:

тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады.

Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.

  1. Тұрғын үй инспекциясының қызметінің нысанасы:

1) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;

6) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады.

  1. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген негізгі өкілеттіліктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың төменгі функцияларын іске асырады:

1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;

2) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың  меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

3) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;

5) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қадағалау;

6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;

7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;

8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;

9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

  1. Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
  2. Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;

2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

4) елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

  1. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
  2. Тұрғын үй инспекциясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.
  3. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғалары құқылы:

1) қызметтік куәлігін көрсетіп, тексеру жұмыстары жүргізілетін мерзімде тексеретін объектіге баруға;

2) тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде кез келген қажетті ақпаратқа сұраныс жасауға, тексеруге байланысты барлық құжаттардың тұпнұсқаларын сұрауға;

3) бөлмелер (пәтерлердің) жалпы жиналысына уәкілетті орган  бекіткен біліктілік талаптарына сай келетін кооператив басқармасының төрағаларына талапкерді  ұсынуға.

  1. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғалары атқаруға міндетті:

1) Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес, өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізуге;

2) тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан мерзімде тексерілетін объектінің бекітілген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;

3) тексеру жұмыстары жүргізілгенде анықталған құжаттар мен мәліметтердің толығымен сақталуын қамтамасыз етуге;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану талаптары бұзылғанда актілер рәсімдеуге;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне пайдалану талартары бұзылғанда олқылықтарды болдырмауға байланысты нұсқамаларды қабылдауға.

  1. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Тұрғын үй инспекциясының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының мүліктің құрылу тәртібі

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі мемлекеттік коммуналдық меншік болып саналады және оған оперативтік басқару құқығы негізінде беріледі.
  2. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі оған құрылтайшы берген мүліктен

және заңды жолмен алынған немесе берілген басқа мүліктен құрылады.

  1. Тұрғын үй инспекциясы өз құзырындағы қаржы құралдары бойынша жакап беруге міндетті. Тұрғын үй инспекциясы қаржылары жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттері бойынша құрылтайшы жауапты болады.
  2. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаржы есебінен алынған мүлікті сатуға немесе басқаша шешім шығаруға құқылы емес.
  3. Тұрғын үй инспекциясының оперативтік меншігіндегі мүлік үшін жауап беру Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының әрекетін ұйымдастыру

 

  1. Тек құрылтайшының құзыретіндегі мәселелер:

1) тұрғын үй инспекциясының құрылтайшы құжаттамаларына өзгерістер, қосымшалар енгізу, қабылдау;

2) тұрғын үй инспекциясын өз еркімен қайта құру және тарату;

3) Қазақстан  Республикасының Заңнамаларына сәйкес басқа мәселелерді шешу.

  1. Тұрғын үй инспекциясының жалпы басқарылуы Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес құрылтайшымен іске асырылады.
  2. Құрылтайшы төменгі функцияларды іске асырады:

1) ) тұрғын үй инспекциясына мүлікті бекітіп береді;

2) ) тұрғын үй инспекциясына қажетті қаржыландыру жоспарын – сметасын бекітеді;

3) ) тұрғын үй инспекциясына берілген мүлікті тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылау жүргізеді;

4) ) тұрғын үй инспекциясы басшысының құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін анықтайды, оны қызметтен босату себептерін негіздейді; 

5) ) тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шектік штаттық санын бекітеді;

6)  жылдық қаржылық есебін бекітеді;

7) Қазақстан  Республикасының Заңнамаларына сәйкес басқа функцияларды атқарады.

  1. Тұрғын үй инспекциясының басшысы аудан әкімінің шешімімен тағайындалып, босатылады. Тұрғын үй инспекциясының басшысын тағайындау және босату туралы шешім  Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес қабылданады.
  2. Басшы тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының іске асырылуына жеке өзі жауап береді, тұрғын үй инспекциясы атынан әрекет жасайды, барлық кәсіпорындарда, мекемелерде оның өкілі бола алады, мүлікке иелік жасайды, барлық келісімшарттарға (соның ішінде еңбек келісімшарттарына), контрактілерге қол қояды, сенімхаттар береді, банктерде есепшот ашады, жұмысшылардың лауазымдық нұсқауларын бекітеді.
  3. Басшы өз құзыреттілігі шектерінде бұйрықтар шығарып, тұрғын үй инспекциясының барлық жұмысшылары орындауға міндетті нұсқаулар береді.
  4. Басшы өзінің орынбасарларын, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін  Қазақстан  Республикасының Заңнамаларына сәйкес тағайындайды және босатады.
  5. Басшы төменгі функцияларды іске асырады:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану ережелерінің орындалуын қадағалауға байланысты  тұрғын үй инспекциясының негізгі жұмысын ұйымдастырады;

2) тұрғын үй инспекциясының инспекторларынң жұмысына мезгіл – мезгіл тексеріп тұрады;

3) тұрғын үй инспекциясын кадрларының біліктілігін көтеруге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;

4) тұрғын үй инспекциясында жемқорлық құбылысына қарсы жұмыс жүргізу үшін жауапкершілікпен қарайды;

5) тұрғын үй инспекциясының жұмысшыларын жұмысқа қабылодап, босатады;

6) тұрғын үй инспекциясының жұмысшыларына мадақтау және тәртіп бұзушылық орын алғанда жазалау  шараларын қолданады;

7) сонымен қатар Қазақстан  Республикасының Заңнамаларына, осы ережелерге және үәкілетті органның шешімдеріне  сәйкес басқа функцияларды да жүзеге асырады.

  1. Тұрғын үй инспекциясының әр инспекторында жеке штампы болуы тиіс.
  2. Тұрғын үй инспекциясының жұмысшылары арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан  Республикасының Еңбек туралы заңнамаларына сәйкес іске асыралады.
  3. Тұрғын үй инспекция мен уәкілетті орган, тұрғын үй инспекция

әкімшілігі мен ұжым арасындағы қарым қатынастар

 

  1. Талас ауданы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы қатынасында Уәкілетті орган болып табылады.
  2. Уәкілетті орган тұрғын үй инспекциясыны құрады, тартады және қайта ұйымдастырады, штат санының лимиті және нормативтер шегін белгілейді.
  3. Уәкілетті орган тұрғын үй инспекцияға жүктелген функциялардың орындалуын бақылайды, тұрғын үй инспекциясы берген есептер мен ұсыныстарды назарға алып, нормативтерін бекітеді.
  4. тұрғын үй инспекциясы әкімшілік жұмысшылардың еңбектану жағдайларын, өмірін және денсаулығын жақсарту мен жұмысшыларды зейнетақылық сақтандыру барысындағы әлеуметтік саясатын жүзеге асырады, жылдық демалысын белгілейді, тұтыну қаражаттарына  бағытталған еңбек ақы қаражаты шегінде әлеуметтік жеңілдіктерді белгілейді.

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес орнатылады және Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңның нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

     

  1. Тұрғын үй инспекциясының құрылтайшы құжаттамаларына өзгерістер және қосымшалар енгізу тәртібі

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу уәкілетті органның шешімдері бойынша іске асырылады.
  2. Тұрғын үй инспекциясының құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар бір ай ішінде тіркеліп, «Азаматтық кодекстің» 42 бабына сәйкес тіркеуші органға хабарлануы тиіс.

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының қайта құру және тарату тәртібі

 

  1. Тұрғын үй инспекциясының қайта құрылуы және таратылуы уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес іске асыралады.
«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕЛЕРІ
Дата публикации
14 декабря 2023