«Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ  

«Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Мекеменің құрылтайшысы – Талас ауданы әкімдігі болып табылады.
  10. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган – Талас ауданы әкімдігі (жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
  11. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шейн көшесі, №47А
  12. Мемлекеттік органның толық атауы - «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата Таласского района».
  13. Осы Ереже «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  14. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  15. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы (мақсаты) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциясын орындау болып табылады және де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
  2. Міндеттері:

          Жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргізу, нысаналы топтарға жататын азаматтардың қосымша тізбесін анықтау, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу және де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді.

  1.    Функциялары:

1) Он сегіз жасқа дейінгі балалары мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

2)  Тұрғын үй көмегін тағайындау;

3)  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

4) Мүгедектерді сурдо-тифло құралдармен  және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

5) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

6) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

7)  Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу;

  8) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

  9) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу;

 10)  Үйде күтім көсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

   11) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы  мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

   12) Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

   13) Мүгедектерді санаторий - курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

   14) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша  әлеуметтік көмек тағайындау;

15) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру;

16) Бөлінге қаржылық (қазыналық) рұқсаттар шегіндегі келісім негізінде арнайы әлеуметтік төлемдерді төлеуге республикалық, жергілікті бюджеттен алынған қаржылардың уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;

17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

18) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Өзінің міндеттерін жүзеге асыру үшін ұйымдардан, мемлекеттік мекемелерден, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті мәліметті алуға және сұратуға;

2) «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын  үйлестіреді;

3) Өтініш берушіден немесе тиісті органдардан өтініш берушінің әлеуметтік жәрдемақы алу құқығын растайтын мәлімет сұратуға;

4) Өтініш беруші жәрдемақы заңсыз тағайындалуына апарып соқтырған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, артық төленген сомалар - өз еркімен, ал бас тартқан сот тәртібімен қайтаруға;

5) Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауын;

6) Еңбек делдалдығын көрсетуге жүзеге асырады;

7) Жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;

8) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  басшылықты «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Құрылтайшы (Талас ауданы әкімдігі) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

         1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдайды;

         2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;

         3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

         4) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) мүлікті  мемлекеттік мекемеге бекітеді;

3) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспары) бекітеді;

4) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттілігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменінің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;

5) мемлекеттік мекеменінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

6) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;

7) мекеменің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады;

8) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.

         «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

         «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ  
Дата публикации
14 декабря 2023