«Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Үлгі ЕРЕЖЕ
1) «Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2) «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3) «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
мемлекеттік тілде: «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков акимата Таласского района».
Егер «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Аудан аумағында халықтың мәдени демалуын, олардың мәдени демалысын жақсарту, аудан ішіндегі мәдени саясаттың стратегиясын және тактикасын анықтау проблемаларын шешу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы Мәдениет туралы», «Тіл туралы», Заңдарының, мәдениет және тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
2) халықтың өнерпаздық және кәсіби шығармашылығын жан-жақты дамуына көмектесу, байқаулар, конкурстар, фестивальдар, халық шығармашылығы көрмелерін, шығармашылық есебін, концерттер өткізу;
3) өнерпаз авторлармен жұмыс жүргізу, әуесқой бірлестіктерін құрып, композиторлар, ақын-жазушылар, суретшілер шығармаларын көпшілікке түсіндіру;
4) мәдениет мекемелерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып мемлекеттік және де басқа тілдерді үйрету жөніндегі орталықтар ашуға байланысты шаралар қолдану;
5) мәдени демалыс қызметін жүзеге асыру;
6) аудан көлемінде ұлттық мәдени мерекелер мен фестивальдер өткізу;
7) аудан аймағында тұратын ұлттық мәдени дәстүрлерді қайта жандандыруға ықпал жасау;
8) ұлттық этно-мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынас жасау және шығармашылық байланыстарды бекіту;
9) тіл саясаты бойынша оң тәжірбиені жинақтау және тарату, аудан тұрғындарын тілдер туралы заңнаманы жүзеге асырылу барысы туралы хабардар ету;
10) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатында семинар, тәжірибе жинақтау, байқаулар, конкурстар және басқа да іс – шаралар ұйымдастыру;
11) жастар саясаты саласындағы тілдердің қолданылуы мен дамуы және бөлім құзыретіне енетін басқа да бағыттар бойынша аудандық бағдарламалар әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысу.
1) Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде мәдениет пен өнерге қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде құқықтық және ұйымдастыру шаралары мен нақты кешенді бағдарлама жасап, жүзеге асырады;
2) Ауданда өнер мен мәдениетті дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды, комплекстік, перспективалық, мақсатты бағдарламаларды жасап жүзеге асырады;
3) Аудандағы мәдениет мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуды жүзеге асырады;
4) Топономикалық атауларды зерттеу, есепке алу және ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
5) Өзіне қарасты ұйымдар мен қоғамдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіріп, бақылау жасап отырады;
6) Кадрлардың мамандығын көтермелеп, қызметкерлердің әдістемелік жүзеге асырылуының бағдарламаларын дайындауды және қайта дайындауды үйлестіріп бекітеді;
7) Халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, аудандық мәдениет көпшілік шараларды жүргізеді. Олардың жүзеге асуына материалдық қаражатпен қамтамасыз етеді;
8) Мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысты жүргізуін реттейтін ережелерді, басқа да нормативтік құжаттарды бекітеді;
9) Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде тарихи- мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруді, пайдалануды және оны қолдануды бақылап, жүзеге асырады;
10) Белгіленген тәртіп бойынша мәдениет қызметкерлеріне атақтар, дипломдар, мақтау қағаздар, бағалы сыйлықтар мен марапаттау мәсәлелерін шешеді;
11) Белгіленген тәртіп бойынша мәдениет қызметкерлеріне атақтар беруге, Үкімет наградаларымен, мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапаттауға жоғарғы инспекцияларға қажетті құжаттарды ұсынады;
12) Мәдениет мекемелерінің қызметкерлеріне біліктілік категориясын береді және біліктілігін аттырады. Өзіне қарасты құрылымдық ұйымдардың қызметкерлері мен басшыларына аттестациялар өткізеді.
- кітапхана және мәдени-демалыс қызмет саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді;
- өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
- ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
- мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
- облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шағын жоспарын) сметаны бекітеді;
- Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
- Мемлекеттік мекеме басшысының жауапкершілігін және міндетін, құқығын оны лауазымынан босату негізін анықтайды;
- Мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын анықтайды;
- Мемлекеттік мекеме басшысына оның орынбасарын лауазымға тағайындау және босату туралы келісімін береді;
- Жылдық қаржы есебін бекітеді;
2) ведомстволардың функциялары:
1) «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
- Мәдени – демалысты өткізу жөнінде тұрғындарға қызмет көрсету;
- Шығармашылық - өндірістік қызмет жоспарын жеке әзірлеу және бекіту;
- Әдістемелік және кеңес беру қызметтерін көрсету;
- Кадрлардың біліктілігін арттыруға көмек көрсету, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу;
- өзінің қызметіне мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды, кәсіпорындарды, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды және азаматтарды тарту;
- өкілетті органның рұқсатымен өзге де ақылы азаматтарды тарту.
2) «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3) «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәдениет кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
- «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметі атқару үшін заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады.
- «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы ережеден бекітілген қызмет мақсатында және мәніне сәйкес келмейтін жұмыстармен өкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады.
- «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функцияларына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.
- Егер «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заң актілеріне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұнда қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдайды;
2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
4) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
3) бөлімге ведомствалық бағынысты басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
4) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
5) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;
6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
7) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
8) қызметкерлерді марапаттауды және оларға шара қолдануды анықтайды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауапты болады;
10) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;
11) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың бас бухгалтерлерін тағайындау және босатуға келісім береді.
«Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілетіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.