«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Талас ауданы аумағының дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Констиуциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080800, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шейна көшесі, № 47 а.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға тыйым салынады.
Егер «Талас ауданы әккімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республиалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласының негізгі даму бағытарын анықтайды, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға арналған келешектік, ағымды және мақсатты бағдарламаларды жасайды және жүзеге асырады.
- Міндеттері:
Аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Функциялары:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудыңң аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
2) аудан деңгейінде спорт түрлері жарыстар өткізеді;
3) спорттың әр түрі бойынша құрама комндаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
4) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады;
5) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдагі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, білікт ілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі;
6) аудандық спорттық бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
7) тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
8) тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады жәнеөткізуді үйлестіреді;
9) тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап, атқарушы органға табыс етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Құқықтары мен міндеттері:
- мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық – талдау құжаттарын өз құзіреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
- өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
- өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
- мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
- қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағыталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
- қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастырады;
- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш – арыздарды қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
- мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
-Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18.«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады немесе қызметтен босатылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өклеттігі:
1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағына тиісті мемлекеттік органдармен , ұйымдармен және азаматтармен өз – ара қарым –қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
3) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
4) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін белгілейді;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;
7) мекеменің жұмысын ұйымдастыруды және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының босатылатын мекеме басшысы басқарады.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделсе, «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарту
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.