Коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Мекеме), ауданда мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік – құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпппен «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Мекеменің құрылтайшысы – Талас ауданы әкімдігі болып табылады.
  8. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ, оған байланысты мекеменің мүлікіне қатысты құық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган – Талас ауданы әкімдігі (жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

 

 

11.Заңды тұлғаның орналасқан жері.

Почталық индекс: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы №1.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы ереже «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаты мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай – ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыру мен қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруына қатысу;

2) аудандағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттің ішкі саясатын, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің бөлім құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын жүзеге асырылу барысының орындалуын бақылау;

3)  қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу;

4) мемлекеттік ішкі саясат, сонымен бірге қоғамдық – саяси саланы насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және оларды жүзеге асыруға байланысты қала және ауылдық округтер әкімдерінің, басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

5) ішкі саясат аясындағы тұжырымдылық негіздер мен нақты нұсқаулар, сондай-ақ азаматтық теңдікті, Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

6) ауданда жүріп жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан – жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;

7) аудандағы қоғамдық – саяси жағдайды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу;

8) жастар саясатының мәселелері бойынша қала және ауылдық округ әкімдерінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және бақылау;

9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, үкіметтік емес, қоғамдық – саяси және жастар ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара қарым – қатынас жасау;

10) аудан деңгейіндегі жастар саясаты мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

11) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру;

12) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қызметін үйлестіру;

13) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

14) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

15) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;

16) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты                үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған                        үй-жайлардың орналастырылуын келісу.

  1. Функциялары:

1)  Саяси партиялармен байланысты жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс  шеңберінде қызметті  үйлестіріп жүзеге асыру;

3) Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, аудандағы қоғамдық – саяси жағдайға үкіметтік емес ұйымдар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізуді, талдау мен болжауды ұйымдастыру, қоғамның ұсыныстарын және бірігіп нығаюын жасау және олардың мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызметін үйлестіру;

4)  Талас  ауданындағы діни-ахуалға зерделеу жүргізіп, талдау жасауды ұйымдастыру;

5) Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер заңнамасын бұзатын, жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтату бойынша ұсыныстар енгізу; 

6)  Жеке және заңды тұлғалардың  Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу бойынша өтініштерін қарап ұсыныстар енгізу;

7) Аудан көлемінде өз құзыреті шеңберінде  жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;  

8) Жастар саясаты мәселелерін жүзеге асыру, жастар арасындағы актуалды проблемаларды анықтау мен мониторинг жұмыстарын  жүргізу және жастар саясаты мәселелерінің тиімділігін жоғарылату жұмыстарын жүзеге асыру; 

9) Жас мамандарды жұмысқа орналастыру тәжірибесі мен еңбек нарығына мониторинг жұмысын ұйымдастыру;

10) Жастар ресурстық орталығының қызметін үйлестіру;

11)  Бірлік пен бірегейлікті нығайту, этносаралық және конфессияаралық және қоғамдық келісім қатынастардың концепциясын жүзеге асыру;

12) Аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін талапқа сай пайдалану және орналастыру бойынша қадағалау жүргізу;

16.1. Ведмостволардың функциялары: «Жастар ресурстық орталығы» КММ

1) аймақтық   жастар   бағдарламасын   жүзеге   асыру,   жастар   саясаты   аясында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

2) педагогикалық – психологиялық, құқықтық көмек көрсету, кәмелетке толмағандар мен басқа жас азаматтарға кеңес беру;

3) жас отбасылар мен оқушы жастарға әлеуметтік көмек көрсету;

4) еңбек, оқу ұжымдарына жастарды қорғау;

5) жастардың құқыққа қарсы іс – әрекеттерінің алдын – алу;

6) бас бостандығынан айыру орындары мен арнайы тәрбиелеу мекемелерінен оралған жас азаматтарды әлеуметтік қалыптастыру (қайта бейімдеу);

7)  жастардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту;

8) жастардың өзін – өзі басқару түрлерін дамытуға, бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгілеген тәртіппен қала, ауылдық округ әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік емес мекемелерден, қоғамдық және өзге ұйымдардан, азаматтарды өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін бөлім құзыретіне қатысты мәселелер дайындауға тарту, жобалар әзірлеу, сараптамалар, зерттеулер және жаппай сұрау жүргізуге тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

2) мемлекеттік органдардың ішкі саясат аясындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша аудан, қала және ауылдық округтер әкімдеріне ұсыныстар енгізу, бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыру;

3) орталық, облыстық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс – шараларға қатысу;

4) Қаратау қалалық және ауылдық округтер әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың ішкі істер мәселесі бойынша олардың қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;

5) жастар саясатын, үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарына  мемлекеттік тапсырысты енгізуді жүзеге асыру және т.б.

6) жергілікті атқарушы органдарда ішкі саясат аясындағы заңнамалардың сақталуының жағдайы туралы мәселені аудан әкімдігінің қарауына дайындау және енгізу;

7) жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда ішкі саясат аясындағы заңнамалардың бұзылу фактілері жөнінде аудан әкімінің атына ұсыныс енгізу;

8) мемлекеттік органдардың ішкі саясат аясындағы, адам құқығын сақтау мен бөлім құзыретіне енетін өзге де мәселелерді қадағалап отыратын лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық – әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты аудан әкімі аппараты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Құрылтайшы (Талас ауданы әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асыралады:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шешім қабылдайды;

2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;

3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары болмайды.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім басшысына мекеме туралы Ережені бекітуге ұсынады, мекеменің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер – Министрінің тапсырмаларын, аудан әкімдігінің және әкім актілерін орындауда бұзушылық фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

         3) аудан әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізілетін мәселелердің, қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларының аудан әкімдігінің Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуінің және бекітілуінің сақталуын қамтамасыз етеді;

         4) мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

         5) мекеменің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;

         6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

         7) құзыреті шеңберінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

         8) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

9) бөлім басшысының және мекеменің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен келісім шартқа отыруға;

10) мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға;

11) аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметшілерінің басқа мекемелер мен кәсіпорындарда құрылған комиссия құрамына енгізілуіне келісім беруге;

12) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауапты.

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшысының орынбасары болмайды.
  2. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамадағы көрсеткен жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді  қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
Дата публикации
14 декабря 2023