«Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

«Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

Жалпы ережелер

 

  1. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемеақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы табылады.
  2. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ
  3. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясына және заңдарына, Қазақстан Респубикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Рспубликасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
  5. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемеөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме құрлымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық индегісі 080814, Жамбыл облысы, Талас ауданы , Ойық ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, № 40
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  13. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемезаңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуін жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

Ауыл әкімінің жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамсыз ету.

  1. Функциялары:
  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
  • Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • Стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Респуликасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
  • Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Респуликасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
  • Өз құзыреті жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
  • Аудандық маңызы бар ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай – ақ аудандық маңызы бар ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметтідамытуға жәрдемдеседі;
  • Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қоғаныс, сондай – ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
  • Әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс – қимылдар жасуды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
  • Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамсыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  • Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамсыз етеді және өзге де әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетеді;
  • Жергілікті әлеуметтік инфрақұрлымның дамуына жәрдемдеседі;
  • Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
  • Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  • Жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен өзара іс – қимыл жасайды;
  • Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
  • Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылу) кезінде аудан мәслихаты сессияларына қатысады;
  • Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
  • Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
  1. Құқықтары мен міндеттері.
  • Мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық – талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
  • Өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан,ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрай салуға және оларды алуға;
  • Өзінің құзыратіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
  • Мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
  • Қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
  • Қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастыруды;
  • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш – арыздарды қарау, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
  • Мекеме басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекем қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді;

                                                        

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады немесе қызметтен босатылады.
  4. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  5. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі;

1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адам болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым – қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

3) мүліктті мемлекетік мекемеге бекітеді;

4) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;

5) мемлекеттік  мекемені басқару органдарының құрлымын, қалыптастыру тәртібін және өкілетігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;

6) мемлекеттік мекеменің құрлымы мен шекті шаттық санын бекітеді; 

7)мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттіксатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;

8) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңдамаларында көзделген жағдайларда қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген өзгеде өкілеттерді жүзеге асырады.

10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауапты.

«Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.
  2. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

                           

  1. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулануға мүлкі болу мүмкін.

«Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда)және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

  1. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделсе, «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекеме сінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

«Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
Дата публикации
12 декабря 2022